Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» басшысымен кездесті

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-12» ТБК ұшыру барысында Қазақстанның цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің және «Роскосмос» корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозиннің басшылығымен делегациялардың жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Жұмағалиев «Роскосмос» басшысымен кездесті

Келіссөздерге Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К. Бусыгин мен Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев қатысты.

Кездесуде «Байқоңыр» кешеніндегі және жалпы ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа арналған кең ауқымды мәселелер қаралды. Тараптар жұмыстардың барысын талқылады және 2022 жылы оның ұшу сынақтарына шығатын «Бәйтерек» ҒЗК құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимыл тәртібін келісті. Сонымен қатар тараптар жобаның коммерциялық тартымдылығын қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды.