Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Егістік көлемі ұлғайтылмаса, су қоры жетеді

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы су тапшылығы қайталанбас үшін егіс көлемін жоспардан тыс арттырмау керек. Бұл  - мамандардың пікірі.

Егістік көлемі ұлғайтылмаса, су қоры жетеді

Өткен жылы Шардара су қоймасына жоспардағы су түспеген. Соның салдары егін кезінде қатты білінді. Биылғы үміт жоғары.

«1 сәуірге дейін Шардара су қоймасына 5,2 млрд, Көксарайға 2,2 млрд текше метр су жинау межеленуде. Сонымен қатар су пайдалану майсымында Шардара су қоймасына орташа есеппен 3 млрд-тай су түседі деп есептеліп отыр. Осы су көлемі сәуір айының бірінші 10 күндігінде Ташкент қаласында өтетін мемлекетаралық су шарасын үйлестіру комиссиясының 76 отырысында нақтыланатын болады» дейді Арал-Сырдария бассейіндік су шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Сейітқасым Әбуов.

Осы шаруаның бас қасында жүрген мамандардың уәжіне сенсек, егістік көлемі ұлғайтылмаса, су қоры жетеді. Сонымен қатар шаруаларға су жетпейтін биік жерлерге егістік екпеу жағы да айтылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы