А. Төлепбергенов: Ядролық сынақтан зардап шеккендер әлеуметтік көмекке мұқтаж

«Семей полигоны СҚО» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Төлепбергенов  қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына Семей ядролық сынақ алаңында қызмет еткен, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеген азаматтардың өтініш-тілектерін жеткізді.

Егемен Қазақстан
15.03.2019 535
2

«Үстіміздегі жылы Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ жасалғанына 70 жыл толғалы отыр. Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Семейдегі ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң, ондағы сынаққа қатысқан әскери адамдарды соғыс ардагерлеріне теңдестіру туралы нормативтік-құқықтық акт қабылдады» деген А.Төлепбергенов  сол жылдары әскери қызметте болған сегіз жүзге жуық солтүстікқазақстандықтың бәрі бірдей мемлекет қолдауын көріп отырмағанын жеткізді. Тиісті құжаттары бар 142 адам қоғамдық бірлестікке мүше болғанымен, 25-і ғана жәрдемақы алады. Мұндай санаттағы адамдардың басым бөлігі ядролық сынақ аймағында әскери қызметін өтегендігін растайтын құжаттар алуда көптеген кедергіге кездеседі. Көбі ешқандай арнайы белгісі жоқ әскери билетпен ғана жүр.

Оның айтуынша, мемлекеттен арнайы жәрдемақы алу үшін Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы радиациялық қауіпті екі аймақтың бірінде әскери қызметте болғанын дәлелдейтін анықтама қағаз немесе иондық сәулемен байланысты ауруға шалдыққан адамның мүгедектігін растайтын құжат болуы тиіс. Сонда ғана арнайы төлем тиесілі екен. Ал оны дәлелдеу үшін бір әскери билет жеткіліксіз. Архив құжаттарының Ресей Федерациясында болуына байланысты  сол елдің Қорғаныс министрлігінен тиісті анықтама алу қиынның қиыны көрінеді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалына облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері тұшымды жауап бере алмады. Семей ядролық сынақ аймағында қанша жерлесіміз әскери қызмет атқарғаны, олардың мәртебесін анықтау бағытында нендей жұмыс істелгені туралы хабарсыз болып шықты. Негізінен түскен өтініш бойынша Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сұрау салумен шектелетіні белгілі болды.

Есіл ауданында тұратын Михаил Чеботаревтың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Денсаулығы сыр бергеннен кейін қолын бір сілтегенге ұқсайды.

Отырыста Семей ядролық сынақ аймағында әскери қызмет атқарған азаматтардың мәртебесін анықтау жөнінде Қорғаныс істері жөніндегі департамент жүргізген  шараларға  қайтадан жан-жақты талдау жасау, мәселені Парламент депутаттарына, Қорғаныс министрлігіне жеткізу ұсыныстары айтылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Берік Уәли Президенттің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Т.Сүлейменов Президент көмекшісі қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары елорда атын ауыстыру туралы шешімді қолдайды

22.03.2019

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

22.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың «Нұр-Сұлтан» аталуын қолдайды

22.03.2019

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

22.03.2019

Павлодарлық жұмысшылар Елбасыны қолдайтынын айтты

22.03.2019

Францияның танымал тұлғалары Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтады

22.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін қолдады

22.03.2019

Халықтың орташа жасы – 28,8

22.03.2019

АҚШ тарапы Қазақстандағы өзгерістерге қолдау білдірді

22.03.2019

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

22.03.2019

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

22.03.2019

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

22.03.2019

Нұр – Сұлтан атауы – Елбасына құрмет пен Қазақстанның өркендеуіне берілген баға

22.03.2019

«Назарбаев юу хэлэв...». Моңғол журналистері неге таңданды

22.03.2019

Солтүстік қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

22.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу