15 Наурыз, 2019

Қызылордалық полицейлер «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы   жылдың 13-20 наурыз аралығында қала аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру.

Қызылордалық  полицейлер «Борышкер» іс-шарасын өткізіп жатыр

ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.

Іс-шара барысында Қызылорда ОПД Жергілікті полиция және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Қала орталығында 3 мобильді топ жұмыс атқаруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен автокөліктері анықталған жағдайда мемлекеттік белгілер алынуда.

Іс-шара басталғалы барлығы 50-ден астам борышкерлердің мемлекеттік белгілері алынып 500 мыңнан астам теңге өндірілді.