Алматыда медициналық колледж директоры қызметінен босатылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жоғары медициналық колледж ғимаратын аралап, оқу орнының қызметі туралы есепті тыңдады.

Егемен Қазақстан
15.03.2019 495
2

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша колледжде бюджеттік қаржыны орынсыз жұсау фактілерінің және бухгалтерлік есеп пен салықтық көрсеткіш арасында сәйкессіздіктің орын алғандығын айтты.

Тіпті, колледж директоры 2019-2020 жылдарғы оқу жылына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысты алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінішті уақтылы бермеген, ал бұл оқу орны басшысының кезек күттірмейтін басты міндеттерінің бірі болып табылады. Демек, колледж оқушылардың жалпы санының 60 пайызын қамтитын мемлекеттік тапсырысты орындамаған, осының салдарынан қаланың медициналық ұйымдарында орта буын кадрлар жетіспеуі және абитуриенттердің, оның ішінде аз қамтылғандар арасында әлеуметтік шиеленістің туындауы мүмкін.

«Денсаулық сақтау саласына қомақты қаржы бөлінуде, алайда тұрғындар тарапынан медициналық қызмет сапасына жыл сайын шағымдар көп түсуде. Бұл - дәрімен дұрыс қамтамасыз етпеу, қызметкерлердің дөрекілік танытуы. Маған қазір ғана баяндағандай, кейбір медицина ұйымдарының басшыларына кірудің өзі қиын екен, олар өздерін дәл патшалардай сезінетін көрінеді. Тіпті, кейбіреулер жеке ісімен айналысып, жұмыс орындарына келмейді екен, соның салдарынан еңбек ұжымы зардап шегуде. Жемқорлыққа қарсы күресте біз халыққа жүгінетін боламыз. Бірде - бір арыз, бірде-бір шағым ескерусіз қалмайды», - деді Бауыржан Байбек.

Мегаполис басшысы қаланың барлық медициналық мекемелер басшыларының кеңселеріне видеокамералар орнатуды, ондағы суреттердің тікелей Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жіберілуін тапсырды. Басқарма басшысының кеңсесіндегі видеокамерадағы көріністер қала әкімінің осы салаға жауапты орынбасарына бірден беріледі.

Бұдан өзге, басқарма басшысына тәуелсіз Қадағалаушылар кеңесін құру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру, азаматтардан өтінімдер қабылдайтын жедел желі ашу тапсырылды. Жасалған KPI индикаторларын медұйымдар басшыларының еңбек шартына енгізіп, барлық емдеу-диагностикалық процесстердің ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді пайдалану қажет.

«Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірге сырқаттарға қолдау көрсету үшін ашық кеңістік жобасы қолға алынады, мұнда медмекемелердегі қабылдау бөлімінің меңгерушілері регистратуралар мен қабылдау нүктелері жанында өз міндеттерін атқарады.

«Тіпті мына колледжден-ақ біз өздерінің тікелей міндеттерін орындамайтын басқарушы құрамның проблемаларын көрдік. Бізге іске жаны ашитын, білікті, өнегелі, адал басшылар қажет. Дәл осындай басшылар өздеріне қолдау көрсету жөнінде қоңыраулар ұйымдастырмайды. Өйткені, ол өзіне сенімді, білімді әрі білікті, ісіне берік, жауапкершілігі мол. Тағы да қайталап айтамын, келеңсіз фактілер орын алса, онда бірден қызметінен босатқан жөн. Барлық өтініштер мен шағымдар бойынша құқық қорғау органдарымен бірге белсенді жұмыс жасау керек. Біз бәріне ұнаудан аулақпыз, тың әрі нақтылы шараларды қолданатын боламыз», - деп атап өтті қала әкімі.

Бұрын берілген тапсырмалардың қалай жүзеге асып жатқандығы туралы баяндаған Қоғамдық денсуалық сақтау басқармасының басшысы сатып алу транспарентін және сырқаттарды дәрімен қамтамасыз ету үшін биылғы жылдың сәуірінен бастап барлық дәрілерді сатып алу электронды платформаға көшетінін хабарлады. Тексеру барысында қымбат дәрілерді алған 304 науқастың қала тұрғындары емес екендігі және қайтыс болғандығы анықталды. Осыған орай дәрі дәрмекті «Аптека роботы» арқылы беру қолға алынады.

Сонымен бірге, сатып алынатын барлық медициналық техниканың құны экономикалық сараптамадан өтеді. Қазіргі кезде медицина ұйымдары жанында жалған жұмыс істеген 46 Қадағалаушы кеңес таратылды. Денсаулық сақтау жүйесінің сапалы басшылық құрамын қалыптастыру мақсатында әрбір медицина ұйымының басшысы үшін КРІ-дің 70 индикаторы жасалды. Бұлардан өзге, биылғы жылы 28 медицина мекемесін қайта құру жоспарланған, қазіргі кезде олардың сегізі қайта жасақталды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу