15 Наурыз, 2019

Биыл «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын табыстау рәсімі 20 наурызда өтеді

991 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2019 жылғы 20 наурызда «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында өтеді.

Биыл «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын табыстау рәсімі  20 наурызда өтеді

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық премиясы телекомпаниялар, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар жұмыскерлерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға, командалық бірлікті қалыптастыруға және Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтауға бағытталған.

Ұлттық және өңірлік телевизиялық компаниялардың, продюсерлік орталықтардың, студиялар мен басқа да ұйымдардың телевизиялық контентті құрумен байланысты шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

2019 жылғы тізімде «Үздік телевизиялық сериал»,  «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы»,  «Үздік ойын-сауық жобасы»,  «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізуші» номинациялары бвр.