Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуын кітапхана оқырмандары атап өтті

1138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуы  ЮНЕСКО  көлемінде аталатындығы белгілі. Ал қазіргі кезде еліміздің барлық өңірлерінде театр, кино өнерінде айшықты қолтаңбасын қалдырған тұлғаға қатысты мәдени шаралар жалғасын табуда. 

Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуын кітапхана оқырмандары атап өтті

Соның дәлеліндей, Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса Әмина Өмірзақованың  өмірі мен шығармашылығына қатысты дыбысты оқу сағаты өтті.   Сондай-ақ іс-шара барысында оқырмандар актрисаның ерекше образдарымен қысқаша бейнебаян арқылы танысып, әртүрлі образда түскен суреттері слайд түрінде көрсетілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханада еліміздің мәдениеті мен өнері жолында артына өшпес мұрасын қалдырып кеткен Әмина Өмірзақова сынды тұлғалардың өмірі, шығармашлығы туралы шаралар жиі өткізіліп тұратындығын жеткізген  Кітапхананың Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің маманы Меруерт Құсайынова ерекше мұқтажға зәру оқырмандар үшін ақпаратты жеткізу, кез келген шарадан оқырмандардың көтеріңкі көңіл күйде қайтуы кітапхана мамандары үшін маңызды деп біледі. 

 

Эльвира Серікқызы,

«Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ