Спорт • 18 Наурыз, 2019

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Гран-при кезеңінде бестікке кірді

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Киевте аяқталған «Дерюгина Кубогі» Гран-при кезеңінде қазақстандық команда 5-ші орын иеленді деп жазады Olympic.kz. 

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Гран-при кезеңінде бестікке кірді

Топтық жаттығуда 3 шығыршық және 2 жұп ұршықпен сынға түскен Қазақстан құрамасы бесінші орынға табан тіреді

Бес доппен өтетін жаттығуда біздің команда алтыншы сатыдан көрінген. 

Екі жаттығу қорытындысы бойынша үздік үштік өзгерген жоқ. Алтынды Украина, күмісті Израиль, қоланы Италия командалары еншіледі.