18 Наурыз, 2019

Самал Еслямова «азиялық «Оскарды» иемденді

1040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың «Айка» кинокартинасындағы рөлі үшін Гонконгтағы Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) сыйлығын алды. Бұл туралы 17 наурызда кешке мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Самал Еслямова «азиялық «Оскарды» иемденді

Самал Гонконгтағы Азия киноакадемиясында Азияның үздік актрисасы атанды. «Достар, Asian Film Awards Academy «азиялық «Оскар» деп аталады! Киноакадемия номинанттарын 11 қаңтарда белгілеген. Міне, жеңіс! Бұл үлкен жетістік! Шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!» деп жазды министр.