Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Елімізде 1999 жылдан бастап қатерлі ісіктен көз жұму 42 %-ға төмендеген

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық статистика деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы қатерлі ісікпен ауру мен өлім  көрсеткіштері жоғары  елдер қатарында. Бұл туралы Е.Біртанов Парламенттегі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Елімізде 1999 жылдан бастап қатерлі ісіктен көз жұму 42 %-ға төмендеген

«Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанда қатерлі ісікке шалдығушылардың 8%-ға өскені байқалады (100 мың халыққа шаққанда 181,2-ден 195,7-ге дейін). Салыстыру үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде ұқсас кезеңде обыр ауруының өсуі 11,5%-ды құрайды» деді Министр.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, 1999 жылдан бастап Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұму 42 %-ға төмендеген (100 мың халыққа шаққанда 136,4-тен 78,3-ке дейін). Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде өлімнің төмендеу қарқыны -15,5%.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде обырға шалдығу мен өлім көрсеткіштері Қазақстаннан  жоғары болу себебі  орташа өмір сүру жасының ұзақтығына және осы елдерде онкологиялық қызметтің  дамуына, обырдың бастапқы сатыларында ерте анықтау мүмкіндігіне және емдеудің жоғары  технологиялық әдістерін қолдануға негізделген.