Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Дархан Сатыбалды Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды

1677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындауға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Дархан Сатыбалды Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды

Елбасы Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.