Аймақтар • 18 Наурыз, 2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Расвет» өндірістік кооперативі сүттен ірімшік және сүзбе өнімдерін өндіріп отыр. 2014 жылдан бері  жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл  өндіріс орны Түркия елінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 8-10 тонна сүт өңдейді.

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

Қазіргі таңда өндірістік кооператив «Карл» және «Сұлтан» маркасымен ірімшік шығарады. Аталған өнімдер Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысының аудандарында саудалануда. Мекеме басшысы Жанболат Медетбеков кооператив сүтті өңдеу қуаттылығын 10 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады. 

«Өндірістік кооперативтің негізгі өнімі - ірімшік және сүзбе. Шикізатты біз жергілікті фермерлер мен елден сатып алып, оны сүт таситын көлікпен алып келеміз. Ірімшіктің екі түрін өндіреміз. Атап айтсақ, «Сұлтан» ірімшігі таңғы асқа арналса, ал  «Крал» ірімшігі пиццаға лайықталған. Бүгінде күніне 10 тонна сүтті өңдеп отырмыз. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, 50 тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді мекеме басшысы.

Бұдан басқа,  «Расвет» өндірістік кооперативі мемлекет тарапынан қатты ірімшік түріне субсидияға қол жеткізіпті. Алдағы уақытта «Агро кредит» корпорациясы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр.