Аймақтар • 19 Наурыз, 2019

Қор қуатты қолдау көрсетеді

911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының күндері өтті. Мақсат – облыс әкімдігімен бірлесе Мемлекет басшысының талантты жастарды қолдауға бағытталған идеяларын насихаттау, қор жобаларына Павлодар облысының жастарын қатысуға шақыру. 

Қор қуатты қолдау көрсетеді

Сапар аясында Павлодар облысының әкімі Бо­­лат Бақауовпен кездесуінде Тұңғыш Прези­дент қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қордың қызметі туралы айтып берді.

– Біз жылына 100-ге жуық жоба өткіземіз. Олар адами капиталдың жинақталуына, бә­се­келестігін жоғарылатуға және қазақстан­дықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған. Біз ғылым, мәдениет және инно­вацияның дамуына қызығушылық таныта­тын жас дарындарға көмектесеміз. Бұл бағыт­тардың барлығы Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу барысында айтқан идеяларымен және қойылған міндеттермен сәйкес келеді, – деді И.Рогов. 

Тараптар жастарды қолдау мақсатында қа­рым-қатынасты нығайтуға және ынты-

мақтастықты қалыптастыруға келісті. 

Кездесу соңында қор атынан «Жастардың бас­тамаларын дамыту орталығына» ком­пьютерлік құралдар алу үшін 3 млн теңге кө­леміндегі сертификат табысталды. 

Ресми кездесуден соң С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­вер­сите­тінде жастармен кездесу ұйымдасты­рылды.

Сонымен қатар қор қонақтарына «Астана – Ұлы даланың жауһары» фотокөрмесі таныстырылды, ал классика өнеріне құштар қауымға қордың лауреаттары Наурыз мерекесіне ар­налған концерт берді. 

Жалпы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының күндерін облыстарда өткізу дәстүрге айналды. Жастар жылын Елбасы қоры Павлодар облысынан бастады. Бұл қор өкілдері ат басын тіреген сегізінші аймақ.

Фарида БЫҚАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Павлодар