Әдебиет • 19 Наурыз, 2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

1456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«БЭСТ» мектеп-гимназиясының оқушылары  Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы желісі бойынша  француз тілінде спектакль қойды.

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында өткен қойылым 12-ші облыстық «Театрлық разъезд» атты  оқушылар фестивалі аясында сахналанды. Оны Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине тамашалады. Оқу ордасының шәкірттері қазақ, орыс және ағылшын тілінен бөлек неміс және француз тілдерін де меңгереді.

 «Француз пәнінің мұғалімі бізге Л.Толстойдың  «Соғыс және бейбітшілік» романы негізінде спектакль қоюға ұсыныс жасап, бірден келістік. Француз тілін  3 сыныптан бастап үйреніп келе жатқандықтан еш қиындық тудырған жоқ. Жұртшылық жылы ілтипатпен қабыл алды», дейді 10 сынып оқушысы Наталья Плотникова.

Спектакль «СҚО орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Л.Толстойдың 190 жылдығына орай қойылды. Қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Виктор Дубровиннің айтуынша, «Бэст» гимназиясы лингвистикалық бағытта болғандықтан, оқушылар  тапсырмаға өте жауаптылықпен қарап, талаптағыдай орындап шыққан. Облыстық орыс драма театры тарапынана ақыл-кеңестер берілген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше