19 Наурыз, 2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан кезекті лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан үш спортшы қатысады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

Нақтылап айтар болсақ, Нариман Курбанов, Милад Карими және Ербол Жантықов Доха төрінде бақ сынайды. 

Гимнастикалық ат: Нариман Курбанов, Милад Карими

Қол тіреп секіру: Милад Карими, Ербол Жантықов

Гимнастикалық қоссырық: Ербол Жантықов, Милад Карими

Гимнастикалық керме: Милад Карими, Ербол Жантықов

Қазақстандық спортшылар Бакуде өткен әлем кубогі кезеңінде финалда бақ сынап, Нариман Курбанов 4-ші, Милад Карими 7-ші орын иеленген болатын. 

Ұлттық құраманың бас бапкері - Александр Ким.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше