19 Наурыз, 2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Майами қаласында теннистен жүлде қоры 9 314 875 АҚШ долларын құраған Мастерс турнирі басталады. Қазақстанның қос теннисшісі айтулы додада күш сынасу құрметіне ие болды. Олар – Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева.

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

АТР тізімінде 43 орында тұрған Михаил Кукушкин алғашқы айналымда аргентиналық Гидо Андреоццимен кездеседі. 27 жастағы Оңтүстік Американың оғланы әлемдік рейтингте 80 орында иеленуде.

Үздіктер тізімінде 44 сатыға жайғасқан Юлия Путинцева Кристен Флипкенспен шеберлік байқасады. 33 жастағы бельгиялық ойыншы WTA рейтингінде 56 орынды еншілеуде.

Майамидегі турнирдің іріктеу сынына қатысқан Зарина Диас алғашқы айналымнан аса алмады. Ал Александр Бублик бастапқы кезеңдегі қарсыласын қапы қалдырып, бүгін өтетін екінші ойында ұлыбританиялық Дэниел Эванспен сайысқа түседі.

Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше