19 Наурыз, 2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

1282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ күресінен биылғы жылғы Еуропа чемпионаты Польшаның Вроцлав қаласында өтеді. Бұл жарыстың шымылдығы 8 маусымда түріледі.

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

Төл өнеріміз бойынша қарт құрлықтың тұңғыш біріншілігінің тұсауы былтыр Грузияның Батуми қаласында кесілген болатын. Сол жарыста 21 мемлекеттен келген 80 балуан жарыс көрігін қыздырды. Жүлделер тоғыз салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынды. Осы бәсекелерді басынан аяғына дейін тамашалаған осы саладағы лауазымды тұлғалар, құрметті меймандар, бапкерлер мен спортшылар және қатардағы қарапайым көрермендер Қап тауы баурайында өткен дүбірлі доданың ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берген еді.

Биылғы жарыстың да керемет өтетініне ешкімнің күмәні жоқ. Халықаралық қазақ күресі федерациясы бас директорының кеңесшісі Ұлан Рысқұлдың айтуынша, бүгінгі таңда ұлттық өнерімізді өркендетіп, күллі әлемде кеңінен насихаттау бағытында көптеген игі шаралар жүзеге асырылуда.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше