Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

1126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Б.Сапарбаев айтты.

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

«Бүгінгі күні ел экономикасында 6,6 миллионға тарта жалдамалы жұмыскер жұмыс істеуде, белсенді жұмыс істеп тұрған 165 мың кәсіпорын бар. Бұл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу қай қоғамның болса да өзекті мәселесі. Өздеріңізге белгілі, Дүниежүзілік экономикалық форум «еңбек нарығының тиімділігін» жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс тізбесіне енгізіп, жыл сайын жұмыс берушілер арасында тәуелсіз сауалнама жүргізіп келеді» деді министр.

Сондай-ақ Б.Сапарбаев 2018 жылы осы ұйымның жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 35-орыннан 30-орынға көтерілгенін айтып өтті.

«Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге немесе 42, 5 мың теңгеге арттырылды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ 28 284 теңгені құрайды). Жалдамалы жұмыскерлердің орташа номиналды жалақысы 176 мың теңгені құрайды» деді министр Б.Сапарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше