19 Наурыз, 2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету керек

986 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Б.Сапарбаев екінші міндет ретінде жұмыскерлерді  қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуді атап айтты.

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді  қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету керек

Министрдің хабарламасына сәйкес, 2018 жылы республика кәсіпорындарында 1 568 адам зардап шекті, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,6%-ға төмен.

«Өліммен аяқталған зардап шеккендердің саны 220 адамды құрайды, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,2% төмен (2017ж. – 244 адам). Мемлекеттік еңбек инспекторларының талаптары бойынша жұмыс берушілер 100 лауазымды адамды жұмыстан босатты, 16 өндіріс объектілерінің жұмысына тыйым салынды.

Құқық қорғау органдарына 1400 материал жіберілді, олар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге 2017 жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың өсімі Қарағанды 192 адамнан 224 адамға дейін) және Солтүстік Қазақстанда (56 адамнан 82 адамға дейін) облысында болды», деді Министр.

Б. Сапарбаевтың мәліметінше, өліммен аяқталу жағдайларының өсімі Ақмола (11 адамнан 17 адамға дейін), Алматы ( 8-ден 13 адамға дейін) және Түркістан (19-дан 24 адамға дейін) облыстарында болды.

Осы орайда қауіпсіз еңбек жағдайын құру бойынша шараларды күшейту мақсатында әкімдіктерге мынадай тапсырмалар берді.

1) өндірістік жарақаттануды және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту бойынша өңірлік жол картасын қабылдау;

2) өңірлерде әрқайсысына қатысты жарақаттануды болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеумен, өндірістік жарақаттанудың өсіміне жол берген жарақаттану қаупі бар кәсіпорындарды белгілеу;

3) Министрліктің жасаған бастамашылығы шеңберінде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп 2019 жылы «Қауіпсіз еңбек» ұранымен ақпараттық компанияның бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, жұмыс берушілермен, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша кәсіподақтармен ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше