Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Сыр өңірінің кәсіпкерлері бизнес-форумға қатысты

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына облыс әкімінің орынбасары Е.Ким бастаған делегация қатысты.

Сыр өңірінің кәсіпкерлері бизнес-форумға қатысты

Өзбекстанның көп тауарлары, атап айтқанда көкөніс, бау-бақша өнімдері, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары Қазақстан нарығына дендеп енген. Алайда, Қазақстандықтар бұл жағынан мақтана алмайды. Осы мәселе Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысына арнайы келіп, кәсіпкерлермен кездескенінде де көтерілген болатын.

Ташкентте «Қазақстанда жасалған» сауда брендімен өткен бизнес-форумға Сыр өңірінен 17 тауарөндіруші кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Шара барысында екі жақты экспорт, импорт мәселелерінің оңтайлы шешілетіндігі байқалды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы