Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Оқушылар қазақ ғарышкерлерімен кездесті

1208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында IX Наурыз кездесулері өтті.

Оқушылар қазақ ғарышкерлерімен кездесті

Оған қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Әлімбетов пен SpaceX және NASA ғарыш ұйымдарының ғылыми қызметкерлері қатысты. Наурыз кездесуіне Қазақстан бойынша 200-ге жуық талапты оқушылар келді.

Осындай тақырып таңдалған кездесулердің Қызылорда облысында өтуі заңдылық. Өйткені, төрткүл дүние көз тігіп отырған «Байқоңыр» ғарыш аймағы осы облыстың аумағында орналасқан. Жеті қат көктің адам баласына беймәлім болып келген тылым сырларының түйінің тарқату харакеті де осы айлақтан бастау алады.

Дәстүрлі Наурыз оқуларында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев оқушыларға ғылым мен техникада үлкен жетістіктер тіледі.

«Ғылым саласындағы әлемдік трендтерді талқылауға арналған алаңда сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Біздің облыс аумағында 12 ұшыру алаңы орналасқан. Олардан аты аңызға айналған «Восток», «Союз» және «Боран» кемелері ғарышқа аттанған. Сондықтан, «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тоғызыншы Наурыз кездесулері - адамзат ғарышқа қадам басқан Шығыс өркениетінің орталықтарының бірі, әйгілі Қорқыт ата мекенінде өтуі бекер емес, - деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы