Әлем • 20 Наурыз, 2019

С.Жээнбеков: Назарбаев – ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға

2165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің ресми сайты хабарлады. 

С.Жээнбеков: Назарбаев – ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға

«Бүгін 19 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Президент Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның гүлдеп, өркендеуіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті» делінген Қырғызстан Президентінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі таңдағы көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, реформатор екенін, өңірдегі интеграциялық үдерістің құрушысы, ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға екеніне тоқталды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы одақтастықты, стратегиялық әріптестікті, достық көршілес қарым-қатынасты нығайтуға және өркендетуге қосқан үлесін атап көрсетті.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа жақсылық, ұзақ өмір тіледі» делінген мәлімдемеде.