Медицина • 20 Наурыз, 2019

Бар қазақтың басын қосқан

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филология ғылымдарының докторы, профессор Кабидаш Қалиасқарұлы Елбасының қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді.

Бар қазақтың басын қосқан

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Қазақстанның көркеюіне ерен еңбек сіңірген тұлға. Әсіре­се мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқы­ның жаңа бейнесін қалыптас­тыру жолында атқар­ған келелі ісі – әлемде тарыдай шашырап жүр­­ген қазақты атамекеніне шақы­руы. Соның бір дәлелі ретінде ай­­тарым, 1991 жылдың 16 желтоқсанын­­­­­да еліміз тәуелсіздігін жария­­­лай салысымен, арада 24 күн өт­кен соң, яғни 1992 жылы 10 қаң­тар күні шетелдегі қазақтарға қара­тып «Атамекенге қайтың­дар» деген үндеу тастады. Осы тари­хи шешімнің арқасында сырт­та жүрген жүз мыңдаған қан­дас елге оралды. Солардың бірі менмін. 1992 жылы Моңғолия елінен көшіп келдім.

Елбасы әуелі әлем қазақ­тары­ның басын қос­қан кемел тұл­ға ретінде ұлт тари­хы­ның жа­ңа парағын ашты. «Құйыл­сын көшің, жиылсын есің...» деп өзі айт­қанындай, са­йын дала Сары­ар­қаға, желегі жасыл Жеті­суға, мың бояу­лы Маң­ғыс­тауға, мұнай­лы мекен Аты­рауға жан-жақ­тан селдей ағы­л­ып, қазақтың көші құлады. 

Құдая шүкір, бұл – бірнеше ғасыр­да бір болатын бірегей құбы­лыс. Бар қазақтың басын қос­қан ардақты аға аман болсын. Нұре­кең­нің баян­­ды жолы бұзылмасын!