Парламент • 20 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі басталды

1013 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі басталды

Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді.

Бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр.