Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Мир көшесіне Елбасының есімі беріледі

978 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның отырысында облыс орталығындағы басты көшелердің біріне Елбасының есімін беру мәселесі талқыланды.

Мир көшесіне Елбасының есімі беріледі

«Асыл мұра» ғылыми-шығармашылық орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев Мир көшесін Н. Назарбаев есімімен атауды ұсынды. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне Астананың атын өзгерту, әрбір қалада көшелердің біріне Елбасының  есімін беру туралы ұсынысты солтүстікқазақстандықтар қызу қолдап  отырғанын айта келіп,Мир көшесі  лайықты екенін жеткізді.

«Тұрғын үй, коммуналдық  шаруашылығын жаңғырту және дамыту» облыстық филиалының директоры Сергей Худяков, қоғамдық кеңес мүшесі Виктор Бондаренко, қалалық мәслихаттың депутаты Владимир Витченко бұл оймен келісетіндерін білдірді.  

Тұрақты комиссияның мүшелері ұсынысты бір ауыздан қолдап, сессия қарауына ұсынатын болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы