Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

1298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Наурыз мерекесі күні шаңырақ көтерген елордалық жастарға Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

Белгілі болғандай, бүгінгі мерекелік шара барысында 9 жұп үйлену тойын атап өтіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-қалашық аумағындағы Наурыз мейрамымен халықты құттықтауға Елбасы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Елордада алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылды. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасып жатыр.

Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан маңына жиналды.  Жалпы Наурыз мейрамының құрметіне Астанада 50-ге жуық киіз үй мен 10-нан артық алтыбақан орнатылады.