24 Наурыз, 2019

Foreign Policy: Ең көреген мемлекет басшысы

950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Foreign Policy журналына сұхбат берген 1992-1995 жылдары АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі қызметін атқарған Уильям Кортни Елбасы Н.Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тапсыруына қатысты пікірін білдірді. 

Foreign Policy: Ең көреген мемлекет басшысы

Уильям Кортнидің айтуынша, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа көшбасшысы ретінде Н.Назарбаев 1991 жылдан бастап жас мемлекетке қауіп төндірген бірқатар дағдарыстан елді аман алып шықты. 

«Жаңа мемлекет жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынға ие, мұнай қорына бай. Осы орайда, Қазақстанда КСРО-дан қалған ядролық қарудың түр-түрі болғанын айта кеткен жөн. Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігі нығаюына еңбек етіп, ядролық қару қорын АҚШ-тың қолдауымен Ресейге тапсырды. Содан кейін Chevron, Mobil секілді көптеген компаниямен келісімге келіп, батысқа құбыр жүргізді» дейді У.Кортни. 

Сондай-ақ У.Кортни Елбасының ядролық қарудан бас тарту туралы шешімін жоғары бағалайтынын мәлімдеді. 

«Ол Кеңес үкіметі құлағаннан кейін билікке келген ең көреген мемлекет басшысы еді» дейді 1992-1995 жылдары АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі қызметін атқарған Уильям Кортни. «Ол ядролық қарудан бас тарту арқылы абыройға ие болды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанға құрметпен қаратудың тиімді тәсілі еді». 

У.Кортнидің сөзіне қарағанда, күрделенген халықаралық жағдайда көшбасшылық таныту келесі президенттің негізгі бағыты болуы тиіс.