25 Наурыз, 2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Астана қаласының Нұр-Сұл­тан қаласы болып қай­та аталуына қатысты пікір білдірді.

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

Премьер-Министр қаланың Тұңғыш Президент – Елбасының құрметіне орай қайта аталуы айтулы тарихи оқиға болып саналатынын атап көрсетті.
«Қазіргі таңда біздің көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихи жылнамасының жаңа беттері жазылуда. Сондықтан мемлекетіміздің және оның жаңа елордасының негізін қа­лау­­шы, Ұлы даланың төрінде дамы­ған мемлекет құрған Елбасы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы тұлғасын осы­­лай тарихи түрде дәріптеу – бұл біздің келешек өскелең ұрпақ ал­дын­дағы парызымыз», – деді А.Ма­мин.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы Елбасы Н.Назарбаевтың жаңа экономикалық моделінің негізгі қозғаушы күшіне айналды.

«Жаңа астанамыздың қалып­тасуының алғашқы жылдарында Елбасымыздың «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүл­денуі» бағдарламасы астананың ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінің дамуына қуатты серпін берді. Әлемдік аренада Қазақстанның ықпалы мен рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл – сөзсіз біздің Елбасымыздың ерен еңбегі. Астананың Тұңғыш Пре­зидент есімімен аталуы – әді­летті әрі дер кезінде жасалған ше­шім. Жаңа атауға ие болған аста­наның алдында бұдан да биік, ұлы мақсаттар тұр. Сонымен қатар бұл – жаңа мүмкіндіктер әрі үл­кен жауапкершілік», деді Пре­мьер-Министр. Ол «біз бәріміз де астаналықтар болып қала­мыз, өйткені Нұр-Сұлтан – Қазақ­стан­ның Астанасы!» екенін атап өтті.