Қазақстан • 25 Наурыз, 2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

26-29 наурыз аралығында жаңбыр басым болатын жауын-шашын болжамына байланысты СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, өзендердегі мұз жағдайының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 26 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.