Медицина • 26 Наурыз, 2019

Қостанай полицейлері қайырымдылықпен де айналысады

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекесі күндері Қарасу ауданындағы Октябрь селосында 7 бала өсіріп отырған көп балалы Қабылдиндер отбасы өздерін полицейлер осынша қуантады деп ойламаған еді. Олар полицейлер келгенде «не болып қалды?» деп тіксінді. Тәртіп сақшылары көп балалы отбасына мерекелік сыйлықтар мен азық-түліктер әкелген еді.

Қостанай полицейлері қайырымдылықпен де айналысады

Отағасы мен отанасының уақытша жұмыстарда істеп табатын табысы отбасының барлық қажетіне түгел жете бермейді. Олар полицейлер әкелген азық-түліктің біразға жететінін біліп, қуанып қалды.

«Полицейлер әлеуметтік аз қорғалған отбасыларға көмектесуге тырысады. Жалпы тәртіп сақшылары көмек сұраған адамдарға қай жағынан болсын көмекке әзір», дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Рахимов.

Жанар Қабылдина алған көмегі үшін алғысын айтты. Осы отбасын қамқорлығына алған полицейлер енді Қабылдиндердің жиі қонағы болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай