Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қорғаста шекарашылар 5 миллионға жуық теңгенің заттарын кеденшілерге өткізді

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан қайтып келе жатқан 1988 жылғы Қазақстан азаматынан 60 дана «Рэйч Н777» маркалы радиостанциялар табылып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаста шекарашылар 5 миллионға жуық теңгенің заттарын кеденшілерге өткізді

«Кеденшілерге бұдан кейін өткізілген, жалпы салмағы 1300 кг тартқан халық тұтынатын тауарлардың құны - 3 780 000 теңге деп есептелінді. Сондай-ақ 44 жастағы Қазақстан азаматшасынан 64 дана электронды темекі мен соған арналған 30 дана қосалқы батареялар және 27 орам сүзгілер табылып, актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Бұл тауардың жалпы құны - 650 000 теңгені құрады», делінген хабарламада.