26 Наурыз, 2019

Ақмаржан Қалмұрзаева шаңғы акробатикасынан Қазақстан чемпионы атанды

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтай Альпісі» тау-шаңғы кешенінде шаңғы акробатикасынан ел чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақмаржан Қалмұрзаева шаңғы акробатикасынан Қазақстан чемпионы атанды

Қазақстан чемпионатына еліміздің төрт аймағынан спортшылар қатысты. Атап айтар болсақ, ел біріншілігінде Алматы қаласы, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы есебі 30 спортшы бақ сынаған болатын. Олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері де бар. 

Olympic.kz ел чемпионатынында топ жарған спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынады. 

Ерлер:

1. Бағлан Іңкәрбек (Алматы)

2. Илья Бугров (Павлодар облысы)

3. Саттар Алдабергенов (Алматы)

Әйелдер:

1. Ақмаржан Қалмұрзаева (Алматы)

2. Жанбота Алдабергенова (Алматы)

3. Дарья Демченко (Павлодар облысы)