26 Наурыз, 2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

646 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Ондасын Оразалин 25 наурыз, дүйсенбі күні  Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионның жай-күйін тексерді. Мұндағы көрініс облыс басшысының әділетті наразылығын тудырды.

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

Стадион басшылығы облыс әкіміне спорт алаңында елеулі проблемалар жоқ екеніне сендіруге тырысты, бірақ олардың жәй қараған көзге де көрінбеуі мүмкін емес. Мәселен, жылыту жүйесі шамамен бір ай бұрын іске қосылғанына қарамастан, алаңдағы көгалдар әлі күнге дейін өспеген. Бұл футбол алаңының жылыту жүйесі толығымен жұмыс атқармайды және күрделі жөндеуді талап етеді. Бұдан басқа, көрермендердің трибунасын және стадион ғимаратын күрделі жөндеу қажет.

Қаланың негізгі спорт аренасы жақсы жағдайда болмағанын және стадионды кімнің басқаратыны туралы толық әрі түсінікті жауапты ОБЖСМ-ның футбол бойынша директоры Гүлназ Қартанова да, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов бере алмады.

«Жауапты тұлғалардың бойында жауапты ұстаным жоқ. Егер турасын айтатын болсақ, бұл жағдай олардың кәсіби деңгейлері туралы ойландырады. Сонымен қатар, бәрін жақсы, ешқандай проблемалар жоқ, маусымға дайынбыз деп алдауға тырысып жатырсыздар. Толып тұрған жауапсыздық. Нәтижесінде алаң дайын емес, секторлар дайын емес. Мен қаншама жылдар бойы алғаш рет стадионның осындай жағдайын көріп тұрмын», - деді Оңдасын Оразалин.

«Қаланың өмірі үшін, жалпы стадион мен футболдың қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық мәселелерге байланысты амалсыз төтенше шаралар қабылдаймын. Мәселе дұрыс шешілмесе мұндағы  кейбір адамдар енді жұмыс істемейді», - деді облыс әкімі.

Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес осы күні стадиондағы күрделі жөндеу жүргізу мәселесі бойынша сарапшылардың қатысуымен кеңес шақырылды.