Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

836 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, тұрмыс жағдайлары мен қамқорлықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

«Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, соның ішінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы басты міндеттердің бірі азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл - ауқатының артуын анықтады», деп атап өтті Бердібек Сапарбаев орталық тұрғындарымен әңгіме барысында.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді және қарт адамдар мен мүгедектердің тұрақты немесе уақытша тұруына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған 400 орынға есептелген. Қазіргі уақытта мұнда 27-97 жас аралығындағы 321 адам тұрады. Оның ішінде екі ҰОС қатысушысы, 8 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 25 тыл еңбеккерлері, 4 қуғын - сүргінге ұшырағандар.

Қамқорлықтағы адамдарға сауықтыру және әлеуметтік-оңалту қызметтерінің кешені көрсетіледі. Оның ішінде емдеудің медикоментозды емес әдістері: иппотерапия және жүзу, «Тонус» денсаулық тобы, «Белсенді таң», «Скандинавтық жүріс» қолданылады. Мекемеде тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар серуендеу арбаларымен, жүргіштермен, балдақтармен, ортопедиялық аяқ киіммен, тифлоқұралдармен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету және психоэмоциялық тұрақтылық пен релаксацияны қолдау мақсатында сенсорлық бөлме, құм және ионотерапия бөлмелері жұмыс істейді. «Халықтық қолданбалы шығармашылық», «Шебер қолдар», «Көркем сурет салу» үйірмелері, тігін цехы, етік шеберханасы, мүгедектер арбаларын жөндеу шеберханасы жұмыс істейді.