26 Наурыз, 2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жекпен қош айтысатыны туралы мәлімдеме жасады. 

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

Аты-шулы файтер өзінің twitter парақшасына: «Сәлем, жігіттер, шұғыл мәлімдеме жасаймын. Мен «аралас жекпе-жек» деп аталатын спорт түрінен кетуді ұйғардым. Бұрынғы әріптестеріме сәттілік тілеймін» деп жазған.

Есімі әлем спортындағы ең танымал спортшылардың  санатында аталатын Конор МакГрегор ММА талабы бойынша өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында өткізіп, Ресейлік Хабиб Нурмагамедовке есе жіберген болатын. Спорт сарапшылары  оның ММА-дан кетуі мүмкін деген болжамды былтыр айтқан еді.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»