Руханият • 16 Қаңтар, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

4500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Uрпd-1

httpyvision.kz

Ризықтан қазақ ұлы кем қала ма?

Асықты ойнап еді кең далада.

Сақасын иіргенде алшы түсіп,

Шаттанып шығушы еді алға бала.

Даладан қалаға асық келді көшіп,

Қазақтың баласына болды несіп.

Асығым, жасай берші көштен қалмай,

Асыққан заманаға сен де ілесіп!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»