Білім
1 мин оқу 40

Министрлік: ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады

<p><strong>Бүгін Мәжіліс кулуарында&nbsp;Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ел оқушылары қай уақыттан бастап ҰБТ-ны жаңа форматта тапсыра бастайтынын айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Министрлік: ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады

Вице-министрдің сөзінше, елімізде ЖОО-ға грант негізінде түсуге мүмкіндік беретін білім сынағын трансформациялау 2027-2029 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Биыл ҰБТ қазіргі форматта, ешқандай өзгеріссіз өткізіледі. Біз ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында америкалық ETS компаниясымен бірлескен жұмысты бастадық. Трансформация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2027 жылдан бастап пилоттық режимде енгізіліп, одан кейін 2029 жылға дейін ауқымды түрде кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта формат бұрынғы күйінде қалады», деді Гүлзат Көбенова.

Бөлісу: