"Алтын арқау" өнегелі өмірге арналған

Көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 80 жасқа толына орай "Хабар" агенттігі "Өнегелі өмір" топтамасы аясында "Алтын арқау" атты деректі фильм әзірлеген.
Егемен Қазақстан
25.05.2017 2128
2

Туындының алғашқы көр­се­­тіліміне мәдениет, сая­сат және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен журналис­тер қа­тысты. Шара алдында Ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәу­рен Абаев сөз сөйлеп, мерей­той иесіне ақжарма тілегін жеткізді. 
«Халқымыз Елба­сы­ның сенімді серігі, бірегей мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қадірлейтін Мырзатай Жолдасбеков абыз жасты үлкен абыроймен бағындырып отыр. Жалпы, оның ұлағатты ұстаз, парасатты ғалым, көр­некті жазушы ретінде атқар­ған қызметтерін жақсы біле­міз. Атап айтсақ, ұлттық әде­­биетті, әсіресе, жыр алыбы – Жамбылдың шығар­ма­шылығын зерттеуге зор үлес қосты. Көне түркі жазба­ларын қазақ ғалымдары арасын­да алғашқылардың бірі болып зерт­теді. Оны ұлттық идея­ға ай­налдыруға үлес қосты. Де­се де, Мырзатай ағамыздың тәу­ел­сіз­дігіміздің нығаюына сі­ңірген еңбегі орасан. Еге­мен­дік жылдары Елбасының жанынан табылған мерей­той иесі елдігіміздің ірге­тасын қа­лауға көп тер төкті. Халыққа сөзін өткізе алатын тұлға болып, жұртты бірлікке, тұтас­тыққа шақырып келеді. Абыз ақсақал әлі күнге ұлттық идео­логиялық жұмыстардың басы-қасынан табылуда. Қай уа­қытта да көздегені – ел мүддесі, жұрт тағдыры», деді министр.
Көрсетілім барысында «Ха­­бар» агенттігі» АҚ бас­қар­­ма төр­айымы Алмагүл Ах­мет­жанова жылы лебізін білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті. Ол Мыр­затай Жол­дас­бековтің дербестік жолындағы саяси, рухани дү­ние­­лерінің есепсіз екенін айтып, әлі де аттан түс­пеуін тіледі. Басқосуда Парламент Мәжі­лісінің депутаты, мерейтой ие­сінің шәкірті әрі қызметтес бол­ған Сауытбек Абдрахманов де­ректі фильмге оң бағасын беріп, тартымды естеліктерімен бөлісті. 
«Мырзекеңнің отыз жасында қорғаған кандидаттық дис­сертациясының әр жағында үлкен-үлкен саяси себептер бол­ған. Солардың біреуі орыс хал­қының маңдайына басқан мұрасы – «Игорь жасағы тура­лы жырдың» дүниеге келген ғасырына қатысты. Ол заманда біздің әдебиетіміз сіздің әде­биетіңізден ерте шыққан, біздің ата-бабаларымыз сіздің әкелеріңіз жасамаған эпосты жасаған, сіздер әріпті оймалаған кезде әліпбиі, жазуы болған, сол жазуды тасқа қа­шап түсірген деген ойды айту. Мұны айтуға ғана оңай. Міне, қазақ әдебиетін он екі ғасырға әрі жылжытып берген жан арамызда отыр. Сол арқылы біз Тоныкөк, Білте қағандардың заманындағы ерлікпен, елдікпен тәрбиелендік. Сол мұраның бізге ортақ екенін сезіндік, мақ­тандық. Сол арқылы отан­дық түркологиядағы жалымыз күдірейіп шыға келді. Сол арқылы Халықаралық Түркі академиясы сексен миллион халқы Түркияда емес, он сегіз мил­лион халқы бар Қазақстанда орын тепті. Өйткені, Мағжан айт­қандай, «Көп түркі енші алып тарасқанда, Қазаққа қара ша­ңырақ қалған жоқ па». Сол қа­ра шаңырақтың қасиетін дә­лелдеген адам ретінде біз Мыр­зекеңе бас иеміз», деді депутат.
Шараны түйіндеген мерейтой иесі көпшілікке алғы­сын жеткізіп, кинотуындыға ризашылығын білдірді. 
«Біз бастауыш мектеп­ті же­­тістірмесек те, дала­ның ака­­­демиясынан сусын­да­дық. Соның өзінде Әбіш Ке­кіл­баевқа, Дулат Исабековке, өзге де ел алдын­дағы көптеген азаматтарға са­бақ бердім. Сон­дықтан да өте бақытты адаммын», деген мерейтой иесі өне­гелі өмір жолынан сыр тар­қатты.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу