Әскери соттардың осы жүйеде алатын орны ерекше

Бүгінгі таңда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан мемлекеттілігін өркендету мақсатында сот төрелігін дамыту және жаңа өзекті мәселелерді шешу маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылғандай, осы мәселелерді іске асыру сот төрелігінің тиімділігін артты­руда кезекті қадам болып табылады. Осы орайда, біз Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдоллаға жолығып, сот жүйесіндегі бас­ты өзгерістер мен республика әскери соттарының 25 жылдық қызметін және саланы әрі қарай дамытудың басымдықтары туралы әңгімелескен едік.
Егемен Қазақстан
01.06.2017 3184
2

– Биылғы 11 маусымда еліміздің әскери соттар жүйесінің құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Әңгі­ме­мізді әс­кери соттардың құры­лы­мы, оның өзге соттардан айыр­ма­шылығы, қызметі туралы айтудан бастасаңыз.

– Иә, жақында Қазақстан Әскери сотының құрылғанына 25 жыл толады. Оның еліміздің сот жүйесінде алатын орны ерекше деуге болады. Себебі, әскери соттар Тәуелсіз Қазақстанның бірінші мамандандырылған соты болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 1992 жылғы 11 мау­сымдағы «Қазақстан Респуб­ли­касының әскери соттары мен әскери прокуратуралары туралы» №802 қаулысымен әскери соттар құрылып, қысқа да болса өзіне тән тарихын қалыптастырып үлгерді. Қазіргі таңда, әскери соттар Қазақстанның бірыңғай сот жүйесінің құрамында және жал­пы юрисдикциялық соттарға жүк­телетін қызметтер мен өкі­лет­тіктерді еншілейді. Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыруда ор­тақ қағидаттар бойынша қыз­мет етеді.

Жалпы, әскери соттар құ­ры­­лымының басқа соттар құ­ры­лымынан өзгешелігі жоқ. Қазақстан Республикасы Әскери сотының мәртебесі облыстық соттарға теңестірілген және апе­лля­циялық сатыдағы істерді қа­райды. Республика аумағында 10 гарнизондық әскери сот бар, олар қалалық және аудандық соттармен теңестірілген. Бұл соттар мемлекетіміздің облыс орталықтарында орналасқан. Сон­дай-ақ, Астана қаласында аса ауыр қылмыстармен байланыс­ты істерді қарайтын қыл­мыс­тық істер жөніндегі ма­ман­дан­ды­рыл­ған ауданаралық әскери соты орналасқан. 

Әскери соттардың ең бас­ты айырмашылығы деп олар қарайтын істердің ерекшелігін ай­туға болады. Мысалы, аза­мат­тық істер бо­йынша тарап­тар­дың бірі әскери қызмет­ші, әскери бас­қару органы, әскери бөлім болуы шарт. Ал қылмыстық іс­тер бойынша сот­талушы әскери қыз­метші болуы қажет.  

– Сәкен Жүсіпахметұлы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде әскери сот жүйесінде қандай өз­герістер жүзеге асырылуда, оның ішінде бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйеге кө­шу қандай мүмкіндіктер берді?

– Қазіргі уақытта, заңның үс­темдігін қамтамасыз ету мақ­са­тында Қазақстанның сот жүйесі өзіне қойылған талаптарды тиісті деңгейде іске асырып отыр. Еліміздің судьялары әлемдік ал­дың­ғы қатарлы стандарттарға сәйкес, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға өздерінің елеулі үлестерін қосуда. 2016 жыл­­дың 1 қаңтарынан бастап, орын­­далуы Жоғарғы Сотқа жүк­­­телген, Ұлт жоспарынның 11-қадамын жүзеге асыруға ба­­­ғыт­­талған бірқатар заң қол­да­ныс­қа енгізілгені мәлім. 

Сот төрелігінің басты ба­сым­­дықтары ретінде заң үс­тем­дігі, судьялар корпусының кә­сібилігі, сот өндірісін оң­тай­ландыру мен оның тиім­ділігі, дауларды шешудің балама түрлері мен жаңа ақпараттық технологияларды енгізу белгіленген. Осыған байланысты сот жүйе­сін­де елеулі өзгерістер жүзеге асы­рылып отыр. Ең бас­ты жа­ңа­шылдықтардың бірі – бес са­тылы сот төрелігінен үш саты­лы жүйеге көшуі. С­о­ны­­мен қа­тар, істердің басым бө­лігі қа­ра­латын бірінші жә­не апелля­ция­лық сатыдағы соттар­дың ма­ңыздылығын айтарлықтай кү­шей­ту міндеті қойылған. Атал­ған шаралар соттағы әуре-сар­саң­ның алдын алып, сот ше­ші­мін қабылдау мерзімдерін қыс­қартады. 

Егер бұрынғы сот төрелігі жүйесінде кейбір санаттағы істер бір жарым жылға дейін қаралатын болса, қазір олар ең көп дегенде 6-9 ай ішінде аяқталатын болды. Оған қоса, жаңа заңдармен енгізілген өзгерістерге сәйкес, судьялыққа кан­дидаттардың біліктілік талап­тары жоғарылатылып, ірік­теу тетіктері қатайтылды. Дау­лар­ды реттеудің балама тәсіл­де­рі­нің институттарын әрі қарай жетіл­діруге бағытталған жаңа­шыл­дық­тар да аз емес. Сот жүйе­сін­е жаңа ақпараттық техноло­гиялар енгізілген соң, олар жұ­мыс­ты оңтайландырып, сот ісін жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етті және халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділік мүмкіндігін жеңілдетті. 

Мемлекет басшысы жаңа ақпараттық технологиялар енгі­з­у­ге және жетілдіруге әрқашан ерек­ше көңіл бөлетінін атап өту керек. Бұл өзінің жалғасын Ел­ба­сы­ның «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да көрініс тапты. Президент цифрлы технологияларды енгізу арқылы халықтың тұрмыс сапасын көтеруге және экономика салаларының бәсекелестігін арттыруға бағытталған «Цифр­лы Қазақстан» атты жеке бағ­дар­ламаны әзірлеуді және қа­был­дауды тапсырды. Сот жүйесі де бұдан қалыс қалмайды. Элек­трондық сот төрелігінің сер­вис­терін әрі қарай жаңғырту және да­мыту болашақта соттың бір ба­ғыты болуы тиіс. Сол себепті, сот жүйесіне жаңа ақпараттық тех­­нологиялар енгізілуде.     

– Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жол­дау­ын­да қылмыстық жә­не әкім­ші­лік заңнаманы ізгі­лен­діру бойынша мәселе­лер­ді кө­терген болатын. Осыған қа­тыс­ты не айтасыз?

– Шынында да, бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз заңнама жүйе­сін ізгілендіру жолында ке­леді, ол әлемде жағымды қа­был­данып отыр. Осының арқа­сын­да түрмедегі адам саны азайып келеді.

Қазіргі уақытта Жоғарғы Сот заңнамаларды жеңілдетуге жә­не ізгілендіруге бағытталған бір­­қатар новеллалар дайындауда. Соның ішінде, айыппұл жазасын қолдану аясын кеңейту жә­не оны қисынды мерзімде тө­ленуін белгілеу мәселесі қа­рас­­тырылуда. Қылмыстық іс­тер­ді азайту мақсатында кәсіп­кер­­лік қызмет саласындағы бар­лық экономикалық және Қыл­мыстық, Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық кодекстеріне қатысы бар қоғамдық қауіп дәрежесі жо­­ғары емес құқық бұзушылық құ­рамдары тексеріліп, талдаулар жасалуда. Сонымен қатар, басқа да құқық бұзушылықтар бойынша жаза тағайындау практикасына талдау жасалып, оларды ізгілендіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізілмек.  

– Қаралатын істердің ерек­ше­лігіне байланысты тиісті кадр­лармен қамтамасыз ету қан­дай деңгейде? Сондай-ақ, әс­кери соттардың жүктемесі қан­дай? 

– Әскери соттарда жұмыс істейтін судьялардың басым бөлігі – үлкен еңбек өтілдеріне ие азаматтар. Олардың арасында әскери соттардың құрылған күнінен бастап жұмыс істейтін судьялар да бар. Бір сөзбен айт­­қанда, бізде әскери саланы жақсы меңгерген кәсіби кадр­лар жетерлік. Ал осы арада атап көрсететін жайт қазіргі уақытта әскери соттардың жүктемесі көп емес. Бірақ, әскери соттардың соттылығын кеңейтудің бірқатар бағыттары қолға алынып жатыр. 

Әскери соттар қарайтын іс­тер­ді арттыру мәселесін ше­шу­­дің тиімді жолдарының бірі – олардың құзырына арна­йы мемлекеттік және құ­қық қор­ғау органдарының қыз­­мет­кер­леріне қатысты аза­мат­тық жә­не қылмыстық істерді заң­­н­а­малық негізде беру. Се­бебі, бұл қызметтегілер өз өкі­лет­ті­гі шегінде арнайы атақ пен сы­ныптық шендер иеленіп, өз мәр­тебелері бо­йынша әс­кери қыз­метшілерге ұқсас бо­лып ке-
л­еді, әскерилерге қарас­ты­рыл­ған көптеген жеңілдіктерді пайдаланады.

Мемлекеттік міндеттерді орын­­даудағы айыр­ма­шы­лық­та­­рына қарамастан, құқық қор­­ғау органдары мен арнайы ор­­гандар қызметкерлерінің мәр­те­бесі, әлеуметтік және құ­қық­тық қорғалуы көп жағдайда әскери қызметшілерге ұқсас. Со­­нымен қатар, әскери сот­тардың құзыреттілігін құ­қық қорғау органдарының субъек­тілерін беру арқылы ке­ңейту жергілікті соттардың жүк­те­ме­сін елеулі түрде азайтып, ең бастысы, біркелкі сот тә­жі­ри­бесін қалыптастыруға мүм­кін­дік берер еді. Сондай-ақ, мем­лекеттік құпиялар мен Қазақстан Республикасының ұлт­тық қауіпсіздігін сақтауға сеп­тігін тигізетіні даусыз. 

Сонымен қатар, ұлттық қау­іп­­сіздікке кез келген түрдегі және сипаттағы лаңкестік пен экс­тремизмнің үлкен қауіп-қатер төн­діретіні белгілі. Қазіргі таңда барлық адамзаттың ең үлкен қаупі болып танылған, әлемдегі лаң­кестік деңгейінің өсуін ескере отырып, лаңкестік пен экстремизмге қатысты істер әскери соттардың қарауына бе­рілуі қа­жет деп санаймыз. Мұн­­дай жағ­дайда айыпты тұл­ға­ла­рдың әре­кетін заңдық са­ра­­лау мен жаза тағайындау бой­­­ынша бірыңғай тәжірибесі ор­­натылады. 

Келесі бір мәселе қолда­ныс­тағы заңнамаға сәйкес, әскери сот­тар тергеу судьясының өкі­леттіктерін жүзеге асыра алмайды. Себебі, Қылмыстық про­цес­тік кодекс нормаларымен әс­ке­ри соттардың тергеу судьясы құ­з­ыретін атқаруы қарас­ты­рыл­маған. Осының салдарынан гар­ни­зондардың әскери соттарында құ­қық саласының жаңа институты – тергеу судьясы жұмыс істемей отыр. Яғни, әскери соттар әскерилердің бостандығы мен заңды құқықтарын сотқа дейінгі өндірісте қорғау сынды ма­ңызды қызметтен тыс қалуда. 

– Әңгімеміздің соңында судьялар қауымына арнаған лебізіңізді білдіре кетсеңіз.

– Мемлекет тарапынан сот билігінің толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жаса­лып отыр. Енді халықаралық стан­дарттарға сай, сот жүйесінің қа­лып­тасу жолында алға қарай қан­шалықты нәтижелі қадам­дар жасауымыз тек бізд­ің жұ­мы­сымызға байланысты еке­нін атап көрсеткен жөн. Осы­ған орай, судьялар өздігінен бі­лім алып қана қоймай, өзін-өзі дамытуға уақыт бөліп, өзін күн­­делікті жетілдіріп оты­руы қажет. Сонда ғана ел аза­­мат­­тарының конституциялық құ­­қықтарын, бостандықтары мен мү­дде­лерін қорғауда судьялар ти­істі деңгейде қызмет атқара ала­ды. 

Қорытындылай келе, судья­ларға сот төрелігін жүзеге асыру барысында жауапкершілік пен әділдік тілеймін. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен 
Нұрлыбек Досыбай,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

23.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

23.01.2019

Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық отбасы жер кезегінде тұр

23.01.2019

Дэвис кубогында Португалияға қарсы ойнаймыз

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу