Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

Басты себеп – қала халқының қарқынды өсуі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Егемен Қазақстан
19.02.2019 46
2

Қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша,  5 ақпандағы жағдайға сәйкес Астанада коммуналдық тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 45 329 адам тұр.

«Кезекте тұрғындар санының артуының басты себептерінің бірі – қала халқы санының қарқынды өсуі. Бұл үрдіс табиғи өсім, сондай-ақ көші-қон есебінен орын алып отыр», – деп атап өтті ведомствода.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, егер 2008 жылға дейін кезекте тұрғандардың саны орта есеппен 700-800 азамат болса, 2008 жылдан бастап аталмыш көрсеткіш күрт өсіп, 3-4 мың азаматты құраған.  Коммуналдық тұрғын қорынан баспана алу кезегінде тұрған азаматтар санының өсу динамикасы Астана қаласының 20 жыл даму тарихында тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы орган тарапынан жүргізіліп келеді, негізінен бюджеттік қаражат есебінен тұрғын үйді сатып алуға және оны кейіннен кезек тәртібімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына немесе мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй түрінде беру арқылы шешімін тауып келеді.

Тұрғын үй заңнамасына сәйкес қала әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебін 5 тізім бойынша жүргізеді. Олардың қатарына: 1)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар; 4) мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер мен сайланатын мемлекекеттік лауазымындағылар; 5) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтар. Астана әкімдігі соңғы бес жыл ішінде 7 236 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еткен (мемлекеттік бағдарлама және коммуналдық тұрғын үй қорынан).

Қазіргі уақытта қала әкімдігі «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр, онда қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар бағыттар қарастырылған. 1 Жалға берілетін тұрғын үй. 2018 жылы 154 пәтер пайдалануға берілді. 2019 жылы жалға берілетін 731 пәтердің құрылысы жалғасуда. Тұрғын үйді бір шаршы метріне төленетін төлем айына 100 теңгеден аспайды. Кредиттік тұрғын үй. Басты артықшылығы – тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгені құрайды. 2018 жылы осы бағытты іске асыру аясында 481 пәтер берілген. 2019 жылы 903 пәтер пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сүру бойынша пилоттық жоба. 2018 жылы жобаның бірінші кезеңін іске асыру аяқталған, нәтижесінде 228 апаттық жағдайдағы тұрғын үй сүріліп, шамамен 3,5 мың отбасы жаңа жайлы пәтерге көшірілген. Тұрғын үй сертификаты Астана әкімдігі елімізде бірінші болып тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны субсидиялау тәсілін енгізді.

Басты мақсат – білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының білікті қызметкерлер корпусын құру. 2018 жылы әкімдік тарапынан аталған салалардың 100 қызметкеріне көмек көрсетілді, оларға бастапқы жарна сомасының бір бөлігін өтеу есебінде әлеуметтік көмек ретінде 1 млн теңге аударылды.

2019 жылға аталмыш әлеуметтік көмекті 2 мың қызметкерге көрсету жоспарланған. «7-20-25» бағдарламасы. Қазіргі кезде елімізде аталмыш бағдарлама шеңберінде 106,3 млрд теңге сома есебіне 9 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша Астана алдынғы қатарда, өтініш бергендердің саны 3 мың, оның 2 мыңының өтініші қанағаттандырылған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Б. Сапарбаев жұмыскерлердің лайықты жалақы алу құқықтарын қорғауды ұсынды

19.03.2019

Елімізде «Еңбек омбудсмені» институты құрылады

19.03.2019

Б.Сапарбаев: Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету керек

19.03.2019

Польшада Қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

19.03.2019

Ел экономикасында 6,6 миллионға жуық жалдамалы жұмыскер жұмыс істеп жатыр

19.03.2019

Былтыр 39 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды

19.03.2019

Петропавлда қоғамдық көліктерде ерекше акция өтіп жатыр

19.03.2019

Теннистен АҚШ-та Мастерс турнирі басталады

19.03.2019

Нұрберген Жұмағазиев: Бізге өз мықтылығымызды дәлелдейтін кез жетті

19.03.2019

Қазақстандық гимнастар Дохадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

19.03.2019

Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

19.03.2019

А.Мамин: 1 мамырдан бастап баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

19.03.2019

Кешірілген өсімпұл көлемі 587 миллионға жетті

19.03.2019

Былтыр 1568 адам өндірісте жарақат алған

19.03.2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

19.03.2019

Базалық лауазымдық қызметақыны кезеңімен өсіру қажет – Б.Әбдірайым

19.03.2019

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» қоғамдық қоры кімдерге көмек көрсетеді?

19.03.2019

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебі ашылды

19.03.2019

Өткен тәулікте қаладан 15,8 мың текше метрден астам қар шығарылды

19.03.2019

«Соғыс пен бейбітшілік» романы француз тілінде сахналанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу