Аялы ағалардың алақаны-ай!

Егемен Қазақстан
07.02.2017 175
3

Дара туған дана Абай: «Алдың­ғы тол­­қын – ағалар, Артқы толқын – іні­лер» дейді. Осы егіз ұғым ұрпақтар са­бақ­тас­ты­­ғының алтын арқауын үзбей жал­ғас­­тырып келеді. Бұл ойлар көрнекті қаламгер Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» атты кітабын қайта парақтағанда еске түсті. Ағалардың асыл қасиеті, үкілеп ұстар үлгісі, інінің ағаға ізеті, ілтипаты – бәрі-бәрі әдемі баяндалған. «Жығылар жерінде жығылған...», өтірікке жаны қас, «...өзінен жасы көп кіші біреу суырылып: «әй, Бауыржан, сен...» - деп әділін айтар, тауып сөйлер болса, шамданудың, үлкендігін салық етудің орнына, намысшыл басын иіп, тағзым ету» парызы болып есептелетін Б.Момышұлы туралы баяны, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің қадірлі қасиеттері, кісілігі мен кішілігі, еліне сапарлап барған Сәбеңді танымайтын тентек жастардың жат қылығы, Қ.Аманжоловтың Талғар шыңына қарап тұрып, «Таулар неткен тамаша! Алыстан тұрып қарасаң. Әттең, таулар бауырында, Адамдар бар аласа», деп төрт жол өлеңді төгіп жіберетіні, ұлы Мұхаңның: « – Ұлы деп мені атама, Сафуан. Ондай пікірге оқырман қауымның дайындығы жоқ, оларға мына ұлы сөзің ерсі болып естіледі. Құр босқа ұятқа қаламыз», деуі ойға қалдырады. Ал Мұқағалиды білмейтін ойы тапал шенеунікке жазушы ақын інісінің «Алтын адам» өлеңінен: «Сары алтынның белгілі нарқы маған, Қайда бірақ, алтыннан артық адам?!..Ажал келсе алтының сақтайтындай... Алтын табыт ішінде жатпайтындай... Шежіремді ұрлапты... Зулапты күн. Ғасырлардан бір ізім тыңдап тұрмын. Алтын адам шынымен қазақ болса, Білген екен құнының қымбаттығын!» деген жолдарды оқып берсе, әлгі шіркін: «...ә, мынау әлгі Есіктен табылған адам ғой» депті. Ақыннан хабары жоқ пендеге қаламгер не десін: «... Тоғышарлардың бәрі бірдей білімді, мәдениетті, талантты болып жан алмайтын болса, шараң қайсы?!» дейді де, руханият саласының өкілдері аялы алақанының жылуын інілеріне іркіліссіз беріп жүргеніне тәубе келтіреді. «Қайран, Мұхаң... Тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі, өнеге болатын... Несін айтамыз. Ғажап еді ғой.. Үлгі демекші, Мұхаң секілді алып тұлғаның күні кеше арамызда болғанының тірілермен бірге тіршілік етіп жүргенінің өзінен артық қандай үлгі бар!» дейді академик Зейнолла Қабдолов ұстазы Мұхтар Әуезов жайлы ағынан жарылып. Талайды таңдандырған Тахауи (Ахтанов) ағасы туралы: «Бетеге кетіп, бел қалар, Бектер кетіп, ел қалар. Ел аман болса, Тахауи естен кетпес», дейді де Сырбай (Мәуленов) ағасы туралы ой тербеп «Құлын» атты өлеңіне тоқтап, сол арқылы сұрапыл соғысты елестетіп, «Шіркін өмір, құлын боп кісінейді», деген бір жолға салмақ салып, Оралханға (Бөкеев) оралады да: «Оралханның білімі «қызыл дипломмен бітіргендерден көп ілгері тұратын», деп інінің ағаға деген ілтипатының қандай болғанын: «Аға! Мен сізді ешқашан да аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап құрмет тұтып келемін... Мен сізді, аға, жаһандағы жалғыз ұстазым деп, жар сала айтудан ұялмас едім, әрі осының өзін мақтан тұтар едім. Қарғадай кезімде, «Лениншіл жас» газетінде жарияланған үш-төрт очеркімді оқып, ауылда қаперсіз жүрген кезімде республикалық басылымға шақырдыңыз...Міне, сіз 60 деген асуға шықтыңыз, төменге қараңызшы, Аға, мен көрінем бе екен?» деген жаны жайсаң іні сөзін елжірей отырып дәйекке келтірген Шерағаң (Мұртаза) аға мен інінің сыйластығын інжу-маржандай суреттегенде, қос тұлға көз алдыңа келеді. Алыптардың үнін естіп, сөзін тыңдаған, үлгісін көрген Мырзатай аға (Жолдасбеков) «Асылдарым» деп ағалары мен замандастары туралы тоқсан бұрау сыр шертеді. «Дүлдүл еді, бұлбұл еді Кенекең!» деп әнші-жыраулардың соңғы тұяғындай тұғыры мықты кемел Кенен (Әзірбаев) кереметтерін тереңнен толғап, «Ағаға қарап таңданамыз! Ағаға қарап биіктейміз!» деген керемет риясыз көңілмен Әбдіжәміл (Нұрпейісов) ағасын мақтан етеді. Міне, аға мен інінің жарасымы деген осылай болса керек еді. Дегенмен, сол аға мен інінің үлгісі – заманға қарай адамы делініп біртіндеп сирексіп, әркім өзім білемінмен кетіп бара жатқан жоқ па деген ой мазалайды. Шіркін, ағаның аялы алақанына, інінің ілтипатына не жетсін!

Сүлеймен Мәмет,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

17.12.2018

Арыс қаласында 16 нысан пайдалануға берілді

17.12.2018

Самал Есләмова тамылжыта ән шырқап, жерлестерін  тәнті етті

17.12.2018

Ақтөбеде дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай пәтерлі болды

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күні жоғары деңгейде атап өтілді

17.12.2018

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

17.12.2018

Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды

17.12.2018

Төл мерекеміз Түркияда тойланды

17.12.2018

«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі көрерменге жол тартады

17.12.2018

Ақтөбеліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу