БҰҰ Қазақстан ұсынған декларацияға сенімді қолдау танытты

БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының Бірінші Комитетінде халықаралық қоғамдастық Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясының өзектілігін басым көпшілікпен құптап өтті. Қазақстанның бұл бастамасы алғаш рет 2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған. Осы жолы тиісті қарарға 135 мүше-мемлекет қолдау танытып, 41 мемлекет оған тең автор болды. Бұған дейін, 2015 жылы қарарға 131 мемлекет «оң» дауыс беріп, 35-і тең авторлыққа өтініш білдірген еді.

Егемен Қазақстан
04.11.2018 14440
2

Үндістан мен Солтүстік Корея сияқты ядролық қаруы бар мемлекеттердің осы жолы қарарға тұжырымды қолдау танытуы ерекше назар аударарлық жағдай болып отыр. Ядролық қарудан азат әлемді құрудың прагматикалық жолын Еуропа елдері арасынан да жақтайтындар саны арта түскен.

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екені баршаға мәлім. 2015 жылы Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықты «ядролық қарусыз әлем құруды адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге» шақырып, сол жылдың желтоқсан айында бұл бастама жүзеге асырылған болатын.

БҰҰ-ның 70-ші мерейтойлық сессиясында әзірленіп қабылданған Ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі жалпыға бірдей декларация:

- Ядролық қаруды қолданудан немесе оны қолдану қаупінен сақтайтын бірден бір абсолюттік кепілдік ретінде ядролық қаруды түбегейлі жоюға;

- Ядролық қаруды түбегейлі жоюды көздейтін көпжақты және заңдық күші бар құжат қабылдауға;

- Ядролық қаруды жетілдірудегі және техникалық қызмет көрсетудегі жұмыстарда қолданылатын адами және экономикалық ресурстарды қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға, тұрақты дамуға және миллиондаған адамдарды жоқшылықтан сақтауға бағыттауға;

- Ядролық қарудың кез келген қолданысының гуманитарлық апатты нәтижелерге әкеліп соғатынын ескерте отырып, халықаралық құқық, сондай-ақ, халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін сақтауға шақырады.

Әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайда жалпыға бірдей декларацияның мақсаттары мен міндеттері күннен күнге өзектірек әрі жоғары сұранысқа ие бола түсуде. Ал, онда бекітілген ядролық қарусызданудың әмбебап қағидаттары мен міндеттемелері қауіпсіз әлемнің болашағына қатысты алуан түрлі көқарастарды байланыстырушы көпір бола алады.

Жаңартылған қарар ядролық қарусыздану саласындағы соңғы оқиғаларды, соның ішінде 2017 жылғы шілде айындағы Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың қабылдануын қамтиды. Қазақстан аталған шартты әзірлеуге және қабылдауға белсенді қатысқаны белгілі.

Жалпыға бірдей декларацияның негізгі ережелері мен идеялары, сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың антиядролық бастамалары Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартында көрініс тауып, қазақстандық қарарда аталып өткен БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриштің осы бір жаһандық проблема бойынша тұжырымдамалық көзқарасымен толығымен үйлесіп отыр.

Ядролық қаруға бақылау орнату және қарусыздану саласындағы диалогты жалғастыру, өзара сенім мен ядролық қаруды жою проблемалары бойынша ортақ түсіністікті қалыптастыру – осы амал-тәсілдердің бәрі БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында кең қолдауға ие болып, ядролық қарудан азат әлем құру бағытында одан әрі ілгерілеуге тиісті үлесін қосады деген сенім нығаю үстінде.

Қазақстандық қарардың Бірінші Комитет отырысында сәтті қабылдануы ядролық қарусызданудың жаһандық үдерісіне, бейбітшілк пен халықаралық қауіпсіздікке қосып жатқан Қазақстанның үлесін айшықтап, еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру ісіне беріктігімізді негіздеп өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу