Этноқалашықтар бой көтеретін болады

Оңтүстік Қазақстан облысының саяхатшыларды қызықтыратын нысандары ретінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қ.А. Ясауи кесенесін, Сауран қалашығы, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығын, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Төлеби және Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін атар едік.
Егемен Қазақстан
20.07.2017 19929

Өзіндік ерекшеліктері мен тарихи маңызы бар бұл нысандарда туризмді дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Түркістан қаласын тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде көркейту мақсатында «Көне Түркістан» жобасы әзірленіп, ЮНЕСКО-ның келісімімен жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласына келушілер санын 2025 жылы 1,5 млн адамға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде тарихи, мәдени және діни жәдігерлерге бай қалаға келушілер аз емес. Бір ғана мысал, Түркістан қаласынан жүз шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан сарқырама – үңгір «Жылаған атаға» жылына екі мыңға жуық адам келеді екен. Әсіресе, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Қытайдан және еліміздің барлық өңірлерінен келушілер көп. Әзірге бұл жерге арнайы жол талғамайтын көліктермен ғана баруға болады. Жол қиындығына қарамастан, жыл сайын табиғат тылсымын тамашалауға келетіндердің көбейе түсуі туристік орта үшін таптырмас бағыт екендігін дәлелдеп отыр. Сондықтан Түркістан қалалық әкімдігі жол - көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлепті. Қала әкімі Ә.Өсербаевтың мәлімдеуінше, осыдан 4 жыл бұрын қалаға 618 мың турист келсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 млн 60 мың болған, оның 24 мыңы алыс-жақын шетел азаматтары. Өткен жылы турис­терден 4080,0 млн теңге табыс түсіп, бюджет көлемі 1 10,0 млн теңгеге ұлғайған.  

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерт­кіш­тердің 80 пайыздан астамы Оңтүс­тік жерінде орналасуы да туризм индус­триясын жан-жақты дамытуға мүм­кіндік береді. Бұл бағытта 3 басым­дыққа көңіл аударылуда. Бірін­шісі – туристік инфрақұрылымды дамы­ту, оның ішінде серпінді жобалар­ды жүзеге асыру. Олар Түркіс­тан, Шардара, Сарыағаш, Қасқа­су кешендері. Екіншісі, қызмет көрсе­ту сапасын арттыру болса, үшін­ші басымдық – өңірдің туристік әлеуе­тін насихаттау және жарнамалау. Облыста «Қасқасу» тау-шаңғы курор­ты, «Сарыағаш» жаңа курорт қалашығы, Түркістан мен Отырарда тарихи-танымдық туризм кешені, ал Шардарада жағажай туризмі дамытылатын болады. Нәтижесінде, 2021 жылы ішкі туризм көлемін 220 000 адамға және сырттан келетін туризмнің көлемін 20 000 адамға  арттыру көзделуде. 

Шымкент қаласының орталығында ескі қалашықтың орны бар. Көне қаланың тарихын түгендеу түгіл бір күндік алаңсыз ас ішу қиын болған замандарда осы мәдени ескерткіш сүріліп кетуге шақ қалған. Жан-жағын қидалап кесіп, құрылыс базары бой көтерді. Үстіңгі қабатын тесіп шағын тұрғын үйлер салынды. Тегістеліп кетуге шақ қалған. Алла қалап, археолог-ғалымдар мен журналистердің жанайқайы арқасында осы қалашық аман қалды.

Бүгінде облыс әкімдігінің араласуы­мен ескі қалашық аспан астындағы ашық мұражайға айналатын болды.Енді ондағы базар, тұрғын үйлер сүріліп, оның орнына бұрынғы қаланың көне ескерткіш қорған қабырғалары салынатын болады. Қазба деректер Шымкент қаласының шын жасы 2200 жыл екендігін дәлелдегенін ескерсек, көне қалашық туристер үшін де құнды жәдігер болатыны анық.

Сонымен қатар, Шымкенттен бөлек, Түркістан   қалалары мен Оты­рар ауданында  дүниежүзілік талап­тарға сай этноқалашықтар бой көте­ретін болады. Ондағы мақсат – көне мұ­раларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төра­ға­лығымен өткен қала құрылысы кеңе­сінің кезекті мәжілісінде мәлім болды. Кеңес отырысына Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы Ақ­мырза Рүстембеков пен елімізге танымал сәулетшілер мен қалалық әкім­діктің өкілдері, сәулет, қала құры­лысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, мем­лекеттік сәулет-құрылыс басқар­масының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түр­кістан қаласын әлемдік деңгейдегі тари­хи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауда­нындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының ай­наласын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы – «Шымкент СИТИ» тұр­ғын ауданының жанын­дағы этно­қа­лашықтың эскиздік жобалары талқы­ланды.

– Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жеріміздегі тарихи кешендерді қалыпқа келтіру мен  оларды әлемге таныту жайында ерекше тебіреніспен жазды. Ал еліміздегі археологиялық мұралардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында. Сондықтан көне мұраларымызды сақтай отырып, бірлесе кеңесіп, жаңа сәулеттік ғимараттарды дүниежүзілік талаптарға сай етіп салуымыз қажет. Ол ғасырларға қалатын ерекше ғимараттар болуы тиіс. Осындай сәулетті нысандарымыз арқылы туристердің санын арттыруға болады, – деді Жансейіт Қансейітұлы. Енді этноқалашықтар туризм әлеуетін көтеруге қызмет етеді.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

17.08.2018

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

17.08.2018

Сапар Өтемісұлы туралы сыр

17.08.2018

Күншуақ қаласындағы жазушы

17.08.2018

Тұлға тағылымы

17.08.2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

17.08.2018

Қостанайлық диқандардың биылғы кеусені 5 миллион тоннадан кем болмайды

17.08.2018

Тілтолғақ пен тілтұтқа

17.08.2018

Елімізде халықаралық музыкалық байқау басталады

17.08.2018

«Шахтер» саябағында салынған бассейн құрылысы қала тұрғындарын таңғалдырды

17.08.2018

Жезқазғандағы жекеменшік Диснейленд

17.08.2018

Еуропа лигасы: «Астананың» плей-офф кезеңдегі қарсыласы анықталды

17.08.2018

Қазақстанда ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өтеді

17.08.2018

Астанада Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті

17.08.2018

Абай әлеміне саяхат

17.08.2018

Батыс Қытай айшықтары

17.08.2018

Рудныйда Челябі облысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

17.08.2018

Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми-әдеби еңбектері қамтылған 11 томдық кітабының тұсаукесері өтті

17.08.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу