Күн энергиясы коммуналдық қызмет бағасын төмендетеді

Күн энергиясы ЭКСПО-2017 көрмесінің өзекті тақырыбы болатыны мәлім.
Егемен Қазақстан
30.05.2017 12681
2

Әлемдегі басты энергия көздерінің бірі болып есептелетін күн энергиясы 2050 жылға дейін дүние жүзінің жартысын электр қуатымен қамтамасыз ететін электр қуатының негізгі қайнарына айналуы тиіс. Осы орайда, шымкенттік ғалымдар коммуналдық қызмет бағаларын төмендету мақсатында ғылыми жобалар әзірлеуде. Ал  шалғайдағы елді мекенде орналасқан шаруа қожалықтарын электр энергиясы және ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету мақсатындағы жобаларына шетелдіктер қызығушылық танытып отыр.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Германияның Юлих қаласындағы Күн энергетикасы институты арасында тығыз қарым-қатынас орнатылып, энергетика саласында инновациялық жаңа технологияларды дамыту бағытында бірқатар  ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Германиялық ғалымдар әсіресе шымкенттік әріптестерінің күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін жылжымалы қондырғы жобасын бірлесе өндіріске енгізуге мүдделі. Неміс ғалымдарын қызықтырып отырған қандай жоба? «Кең-байтақ елімізде игерілмеген жер көп. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету тиімсіз болып саналатын шалғай орналасқан шағын ауылдар да аз емес. Ен даладағы кен барлаушыларға да, шопандарға да жарық пен сапалы ауыз су қажет. Міне, біз ұсынып отырған мобильді жылжымалы қондырғы осы мәселелердің шешімін табуына ықпал етеді. Бұл қондырғы төтенше жағдай кезінде де, әскерилердің оқу-жаттығуы үшін де керек техника. Жобаның негізгі бағыты күн энергиясын пайдаланып, электр қуатын өндіру. Жоба бойынша қондырғы 5 киловатт электр қуатын өндіріп, тәулігіне 200-250 литр су береді. Яғни, бір отбасын жарықпен және сумен қамтамасыз етеді.  Жылу да береді. Біздің оңтүстікте жылдың басым бөлігінде ауа райы ыстық және ашық болып келеді. Күн энергиясын шамамен 300 күн пайдалануға, электр қуатына айналдыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қондырғы ауадағы ылғалдан су алып жинайды. Жылжымалы қондырғының жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы да жан-жақты есептеліп, қаралған. Өндірілетін қуат пен су мөлшерін ұлғайтуға да болады», дейді жоба авторларының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Досыбеков.
Ғалымдардың ғылыми еңбегінің өндіріске енгізілуін облыс әкімдігі де қош көріп отыр. Жуырда облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ұйытқы болуымен осы салаға жауапты мамандар  германиялық профессорлармен кездесті. Бонн университетінің профессоры Штефан Курцман, Күн энергетикасы институтының директоры Ульф Герман, Күн энергетикасы институтының жаңғырмалы энергия көздері департаментінің басшысы Криштиану Боуран мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессорлары қатысқан кездесуде жобаны жүзеге асыру жайы талқыланды. Профессор Ш.Курцманның айтуынша, бірлескен жобаның негізгі мақсаты арнайы жылжымалы қондырғылар орнату арқылы Қазақстанның шалғайда тұратын фермерлері мен мал шаруашылығымен айналысатын шағын бизнес өкілдерін  электр энергиясы  және ауыз сумен қамтамасыз ету. Жоба нақты зерттеліп, қондырғылар орнатылған жағдайда, қосымша жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ, кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев жобаның қажеттілігінің өте жоғары екенін атап өтіп, облыс тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
«Біздің облыста электр қуатына мұқтаж, алайда электр желісін  тарту қымбатқа түсетін ауылдар бар. Облыс әкімдігі қондырғы осындай жерлерге керек деп отыр. Зерттеулерді германиялық әріптестерімізбен бірге жасаймыз. Дегенмен, олар өндіріске енгізетін компанияның қазақстандық болғанын қалап отыр. Жергілікті компания қызығушылық танытса, бірге қаржы салып, Шымкентте өндірісті ұйымдастыруға мүдделі. Екі ел университетіне ортақ инновациялық жобаның зерттеу жұмыстарының басым бөлігі Германияның Білім министрлігі жағынан қаржыландырылады. Біз де қарап отырған жоқпыз, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу мақсатында жұмыс істеудеміз. Әріптестерімізді Германияға шілде айына шақырып отыр. Барып келген соң жұмыс ілгерілейді деген сенімдеміз. Әрине, мемлекеттік қолдау қажет», дейді жоба авторларының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Серік Исмаилов. 
Сондай-ақ, ғалымдардың мәлім­деуін­ше, қондырғы бағасы қымбат емес, қолжетімді болмақ.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда шетелдіктер тастап кеткен кемелерді сатып алып жүр

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу