Мұғалім беделі және репетиторлық

Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртарап­тан­ды­рылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.
Егемен Қазақстан
26.07.2017 276
2

Тіпті қазір қалаларда жарнамасы жер жаратын оқу орталықтары жұмыс істейді. Олар көп жағдайда үш айда тіл үйретіп, аз уақытта ҰБТ-ға әзірлейміз дейді. Өнер жолына баулып, шебер етіп шығаратынын айтады. Ментальді арифметика деген және бар. Әрине, баланың қабілетіне қарай дайындап жатса, еш қарсылық жоқ. Дайындаймыз дегенді желеу етіп, топ-топ баланы жинау барлық уақытта нәтижелі болмасы белгілі. Алғашында балаларын аптыға басып апарғандардың кейін меселі қайтқанынан хабардармыз. Бес-алты жастағы балаларға шахмат үйретемін деушілер де табылып жатады. Егер соның бәрі жүйелі жүргізілсе, әр баланың алымына қарай тиянақты жұмыс жасалса, нәтижесі қуантары хақ. Қазақтың атақты режиссері Сатыбалды Нарымбетов кино түсіру жұмысында түрлі жағдайлардың болатынын, арзанқол фильмдердің жарыққа шығып, көрермендерді мезі ететінін, өзінің алға қойған мақсаты «...зерделі көрермен тәрбиелеу» екенін айтып, кейбір кино түсіретіндер туралы «официант режиссерлер» барын тілге тиек етіп, олар: «Сізге лағман кино керек пе? Міне! Жылататын фильм қаласаңыз, ішіне бұрыш салып берейін» дейтінін алға тартады. Сол секілді репетиторлық жасаушылар да сондай тәсілге кетіп жатқан жоқ па деген ой мазалайды. Өткен жылдары ментальді арифметикаға оқытамыз дегендер көбейіп кеткен еді. Оған да ата-аналар ақшасын төлеп балаларын апарып жатты. Бұл туралы дарынды математик, академик Асқар Жұмаділдаев: «Бұдан жүз жыл бұрын ешқандай компьютер, калькулятор болмаған. Сол кезде жапондар мен қытайлардың ойлап тапқан өнері. Онда екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтеді. Сіз оны бір минут көбейтесіз, ол отыз секунд, ал не болыпты? Оны калькулятормен есептей салған оңай емес пе?» дейді де, «Бұл – біреудің Америкадан алып келген франшизасы... ақша табудың жолы. Мынау да сол сияқты. Көшеге шығып саусақтарыңмен бүйтіп-бүйтіп, тез-тез есептеп бересің», дейді де, тәсіл ғылымның маңайына да жоламайтынын еске салады.

Қайталап айтамыз, қосымша білім керек. Нарықты желеу етіп, бірінші кезекке теңгені шығару қателікке ұрындырады. Алда айтқанымыздай алдымен репетиторлар пән бойынша баланың қабілетін біліп алуы тиіс. Содан кейін ғана жүйелі түрде дайындаса, жұмыс нәтижелі болады. Әрине, репетиторлардың бәрі бірдей дей алмаймыз. Ақшадан гөрі адам тағдырын ойлайтын азаматтар баршылық. Жалпы, қандай орталық болса да білім ісін отандық стандартқа бейімдеуі керек. Өзгелердің жетістігі деп бәрін тықпалау, тыраштану болады. Оның пайдасынан зияны мол. Кейбір ата-аналар баланың болашағынан бұрын құлағының тыныштығы үшін репетиторлардың білім-білігіне қарамай, жарнамаға сеніп, ал дайында деп бере салатыны бар. Бала оларға емес, ата-анаға керек. Сондай жағдайлардан балалардың арасындағы тәртіпсіздік орын алып жататынын да естен шығармаған жөн. Қалай десек те, мектептегі білім мен дайындық орталықтарындағы әзірлік оқушыны екіұдай ойға қалдырмауы керек. Қандай білім болса да тәуелсіз елдің білім заңына сай болуы тиіс. Миллиондаған ұрпақтың болашақта сауатты да саналы болып өсуі үшін мемлекетіміз әр жыл сайын миллиардтаған қаржы бөліп, барлық жағдайды жасап келеді. Осыны ескерсек, ұтылмаймыз. Осы арада мына бір нәрсені еске сала кетсек дейміз. Бір кездері ұлт мұғалімі атанған Қанипа Бітібаева мектептен тыс оқушыларды дайындайтындар жайлы түйінді пікірлерін айтқаны есте. Ол әсіресе, он бір жыл бойы білім берген оқушылар ҰБТ-ға әзірлеушілер бір айдың ішінде білімдар етіп шығардық дейтінін, олардың бәрі бәйгеден жүлде ала бермейтінін, ол үшін біраз ата-ананың өкінетінін, ал озып келгендердің әке-шешелері мұғалімдерге: «Сендер дұрыс білім бермедіңдер. Міне, баламның бағын жаққан ана азамат, не азаматша», деп дөңайбат көрсететінін назарға салып, мұны дұрыс жолға қою керектігін алға тартқан болатын. Ондайларға рұқсат берген кезде жан-жақты талдаулар жасауды ұсынған еді.

Бұл күндері қосымша оқытамыз деп баланың балалық дәуірінен ажырататын ата-аналар баршылық. Иә, оқыту керек. Бірақ оқытамыз деп  ұл мен қыздың білімге ынтасын төмендетіп алмағанымыз жөн. Сөзіміз жалаң болмас үшін бір дәйек келтірер болсақ, академик Мұхтарбай Өтелбаев бірінші курсқа келген студенттердің арасында қала балаларының көп жағдайда оқудан, техникалық құралдардан жалыққанын, өздерін бостандыққа шыққандай сезінетінін айтқаны бар еді. Ендеше, орталықтарда болмаса, репетиторлықпен бала оқыту ісін жетілдіреміз деп мемлекеттік мектеп пен онда қызмет етіп жатқан ұстаздардың беделін түсіріп алмауды бірінші кезекте ойластыру қажет. Дамыған елдерде бұл іс өзіндік арнасымен дамып келеді. Ол елдердегі мұғалім беделі өзге мамандықтардан биік тұратынын естен шығармағанымыз ләзім. Өзгенің озығы мен өзіміздің ұлттық білім жүйесін ұштастырсақ қана ұтылмасымыз айдай анық.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу