Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

Бүгін Егемен академиясында қаламгер, журналист Қайнар Олжай дәріс оқыды. Стиль қалыптастыру, мақаланың формасы, журналистикадағы жанр мен жіберілетін қателіктер тұрғысында ой-тәжірибесімен бөлісті.

Егемен Қазақстан
19.10.2018 29165
3333
2222
2222
2222

Академияның екінші маусымындағы екінші дәрісін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ашып берді. Қайнар Олжайды «Журналистиканың қаламы жүйрік жампозы» деп таныстырып, Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтың кітабын тарту етті.

Дәріс барысында Қайнар Олжай қатысушыларға сұрақ қойып, дұрыс жауап берген екі талапкерге «Қой баққан қиын» атты деректі-романын сыйлады. Қағытпа қалжыңымен, дәйек-дерегімен аудиторияны аузына қаратқан дәріскерге студенттердің ықыласы ерек.

«Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай айтқандай, бүгінгі дәріс тілшілік тіршілікте үздік болсам дейтін талапкерге шабыт сыйлағаны анық. Аға тілшіден бата алған бала тілшілердің болашақта қаламы қарымды журналист болуына тілектеспіз!

Қайнар Олжайдың дәрісінен үзіндіні қаз-қалпында беруді жөн көрдік. 

Жас журналист жайын сияқты болуы керек

Сөз бәрінің анасы. Зейноллла Қабдолов ағамыз «Сөз өнері» деген. Сурет бір өнер болса, театр бір өнер болса, театр мен музыка бір өнер болса, жазу да сондай өнер. Мүсін жасаушылар пластик, саз, қола дейік, айналып келгенде бір материалды қолданады. Сол сияқты біздің сала да тек сөзден тұрады. Ал, енді бұл өнерге кіру үшін жақсылап оқу керек. Журналистердің өз стилі болуы керек. 5 жыл не 10 жыл, мейлі үш ай болсын, журналистің стилі болуы керек. Екі-үш сөйлемін оқығанда қай журналист жазғанын білетіндей болу керек. Жазған үш сөйлеміңді оқып, сені танымаса, сен әлі нағыз журналист емессің. Бұған қалай жетуге болады? Ол үшін бәрін оқу керек. Жайын деген балық болады. Су түбіндегісінің бәрін жұта береді. Жас журналист жайын сияқты болу керек. Отызға дейін оқығандарың ешқашан мидан шықпайды. Отыздан кейін миға қонуы екіталай. Отызға дейін оқығаның сені жүз жасыңа дейін асырайды. Сондықтан, жазылғанның бәрін, көшеде жыбырлаған жазудан бастап, көрінбей жатқан қолжазбаға дейін оқу керек. Сол арқылы сен қалыптасасың. Бір ғажабы, бәрін оқыған адамның саусағы пернетақтада зуылдап, өздігінен құйыла береді.

Мақала жазғанда бес рет оқимын

Ең алғаш шыққан «Бес ғасыр жырлайды» кітабының екі томын, Бауыржан Момышұлының шығармаларын оқу керек. Газет оқымайтындар бар. Ештеңе оқымай, журналист болу мүмкін емес. Кейін өзіңді-өзің оқуың керек.

Мысалы, мақала жазғанда жеке тәжірибемде бес рет оқимын. Алдымен жазамын. Жазу деген – әлем. Оған кіріп, шығу керек. Бізде көбі кіре алмайды, кіргендер шыға алмайды. Екі қате. Ең алдымен басқаны ұмытып, кіммен сөйлессем де жазатын әлемдемін. Дәл қазір мен кезекті мақаланы жазып жүрмін, соның ішінде тұрмын. Қашан жазып бітіргенше сол әлемнен шықпау керек. Нүктесін қойғаннан кейін сол жазғаныңды редактор ретінде оқуың керек. Бізде журналистер өзін-өзі редакциялай алмайды. Тыныс белгіні қойып, әріп қатесі, артық сөйлемдерден құтылу керек. Ой болмаса сөйлем бекер құрылған. Қазір көбі шет тілдерін жақсы меңгерген. Жазғаныңды басқа тілге аударып көрсең, жазған сөйлемің аударылса ол – сөйлем. Аударылмаса – сөйлем емес. Әр сөйлемнің ішінде артық сөзді алып тастау керек. Өзіңді-өзің редакциялап, екінші оқыған кезде ғана мақала болады. Неғұрлым шебер болам десеңдер, соғұрлым аяусыз қысқартуды үйреніңдер. Күні кеше дүниеден өткен Шерағаң «Бір кем дүние» және « Ай мен Айшасының» ішіндегі тараулар да қысқа. Жұматай Сабыржанұлы деген ең мықты журналистің бір мақаласы 5-6  сөйлемнен аспайтын. Бірақ, ғажап жазатын. Осы «Егемен Қазақстанда» Темірхан Медетбектің «Бір ауыз сөзі» болды. Осындай деңгейге жету керек. Енді оқырманның көзімен үшінші рет оқисың. Бұл мақала саған не берді? Редакторға тапсырғаныңнан кейін мақаланың қай жерін түзетті деп қайтадан оқисың. Компьютерде беттеген соң тағы қай жері түсіп қалды екен деп тағы оқимыз. Ең соңында газетті рахаттанып отырып, оқырман ретінде оқимыз. Соның өзінде мақалаға көңіліміз толмайтын.

 Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

 «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу