Құрметке лайықты азамат

Айдархан аға менің әкемнің замандасы, жолдасы әрі жас күннен сыйласып өскен жан еді. Әкей ол кісі жайында талай рет қызықты әңгімелер айтушы еді. Өзі жас кезінен қайсар да алғыр болыпты. Айтқанынан қайтпайтын еді дейді.
Егемен Қазақстан
26.05.2017 1574
2

Баяғыда-а... бала күнінде Қаратау етегінде екеуі бірге қой бағыпты.
– Бізге жиен, үлкен апайымыз Үрби­біден туған бала ғой, сосын да жаз бойы ауылға келіп, екеуміз тау бөктеріндегі бұлақ басында уақыт өткізетінбіз, – дейтін әкем Әлмаш Жұматұлы. – Бізге тапсырылғаны – қоралы қойға қарау, бас-көз болу! Кезекпен барып, иіріп әкеліп, бұлақ басына жусатамыз. Еңбекке бала кезімізден жақын болдық.
Өткен ғасырдың 60-жылдарының орта тұсында мектепті ойдағыдай аяқтап, Алматыдағы ауылшаруашылық институтына оқуға түспек болып талаптандым. Мен ең үлкен ұлы болған соң ба, әкей үлкен қалаға жалғыз жібергісі келмеген. Соның сылтауымен әкей Алматыға сапарға шығып, сол уақытта осы инс­ти­туттың бір факультетінде де­кан болып қызмет атқаратын Ай­дархан Ержановқа кірмей ме! Айдарханның кабинетінде тағы бір ұлты орыс ғалым отырады, екеуі әңгімелесу үстінде екен.
Айдекең әкемді көре сала орнынан ұшып тұрып, қуана адымдайды. Келе са­ла құшақтай алған. Сағынышты көңілі сөзінен де, өзінен де байқалып тұрған.
– Менің бала кезгі досым, – деп Ай­дархан біздің әкейді құшақтап тұрып, әлгі орыс ұлтының азаматына асығыс таныстырады. – Екеуміз жастау күнімізде бірге қой баққанбыз. 
* * *
Ашығын айтқанда, біз секілді ауылда өскен қарадомалақ балаларға Айдекеңнің өлшеусіз көп көмегі тигені айдай ақиқат. Жоғары оқу орнына түскен соң да ол кісінің ақыл-кеңесін тыңдап  ержеттік.
Кейіннен есімдері бүкіл қазақ жұртына танымал болған, ғылым саласында ерекше көз­ге түсіп, әртүрлі жауапты қыз­меттер атқарған оқы­мысты ға­лымдар Қалыбек Қоныс­бай, Архимед Жанғазиев, Әбді­камал Омаровтармен бірге қоян-қолтық еңбек етті. Ал шәкірттері арасында ағайынды профессорлар Бірлес пен Есенжол Алияровтар, белгілі ғалым­дар Тілектес Есполов, Полатбек Жүнісбеков, Шаншар Нұртаев, қоғам қайраткерлері Қанжарбек Әжібеков, Алмас Нәлібаев, т.б. секілді айтулы азаматтар А.Ержановтан үлгі алған ізбасар інілері болды, болып қала бермекші.
Өзім оқу бітірген соң Алматы қала­сында қалып, ғылымға құлаш ұрсам, ол да Айдархан ағаның ақылы еді, жол сілтеуі еді.
– Сенің ғылымға бейімің бар екен, осы саланы айналдыр, – деп арқамнан қаққанын ұмытармын ба. Үлкен жүректі ағаның ақ тілеуімен ғылымға да араластық, азды-көпті жетістіктерге де қол жеткіздік. Ғылыми атақ та алдық.
Қай кезде де үйіне шақырып, дастарқан басында ақыл-кеңесін айтып отыратын. Жеңгеміз Зылиха Төлегенқызы екеуі өте жарасты отбасы болды. Үлгі алуға тұрарлық, аса мәдениетті жандар болатын-ды.
Ол кісінің туған жері Қызылорда облысындағы Жаңақорған топырағы. 1921 жылы дүние есігін ашқан зерек бала 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен майданға сұраныпты. Сөйтіп, 1942 жылы жараланып, содан соң Польшада партизан отрядында болады. Ол – өз алдына бір тарих.
Өзі соғыстан соң Алматыға келіп, Ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 50-жылдары аяқтаған. Айдархан аға қалған ғұмырын осы оқу орнымен байланыстырған. Сөйтіп, ғылым кандидаты, доцент атағын алып, өз ортасында зор абыройға бөленді. Ал 1964-1974 жылдар аралығында аталмыш институттың ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің деканы болды, көптеген білім қуған жастарға әкесіндей қамқорлық танытып, қолұшын берді.
Оны туған топырағы көзі тірісінде аса қатты қадірледі. Қашан келсе де төбеге көтеріп, төрден орын беретін. Елден шыққан талабы зор ұл-қыздарды ылғи да қолдап, шамасы жеткенше қолғабыс тигізгенін көзіміз көрді.
Жеңгеміз Зылиха Төлегенқызы екеуі ұл-қыз өсіріп, немерелер сүйді.
Айтпақшы, Зылиха апай да ұлағатты ұстаз. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. Ол кісі де осы Ауыл шаруашылығы институтында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шықты. Отбасының ұйытқысы, ағайынның ауызбіршілігін ой­лаған абзал ана еді. Қазір ол кісі де өмірде жоқ, бірақ өнегелі ісі қалды артында.
* * *
Міне, өмірден озғанына отыз жылдан астам уақыт өтсе де абзал аға, үлгілі ұстаз, білікті ғалым Айдархан Ержанов есімі ел есінен бір сәт те шығар емес.
Таяуда өзі туып-өскен Сыр еліндегі Жаңақорған кентінде оның атына көше беріліп жатқанын естідік.
Бұл – асыл азаматқа жасалған лайықты құрмет.

Даутбек ЖҰМАТОВ,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

19.03.2019

Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету - Елбасы

19.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер - Елбасы

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат

19.03.2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

19.03.2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

19.03.2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

19.03.2019

Джиу-джитсу Азиада бағдарламасына енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу