Тарихи түлеу тағылымы

Елордада «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген белгілі ғалымдар бас қосты. Конференция Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің арнайы құттықтау хатымен ашылды.
Егемен Қазақстан
26.05.2017 3045
2

Жиында Қазақстан тарих­шы­ларының ұлттық конгресі, Халықаралық түркі академиясы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туған жер» ақпараттық-танымдық экспедициясы» бірлескен жобасының тұсаукесері өтті. Гуманитарлық мамандықта білім алып жатқан студенттерді жазғы демалыста фольклорлық, тарихи-этнографиялық және археологиялық экспедицияларға қатыстыру арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін оятуды көздейтін алғашқы экспедиция Торғай өңіріндегі қазақтың әйгілі күрескер перзенті Кейкі батырға арналмақ. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов «Туған жер» бағдарламасын кешенді түрде жүзеге асыру туралы ұсыныстары шеңберінде «туған жер» мен «атамекен» ұғымдарының бастауы, кіші Отанымыз – ауылға арналған кітаптарды университет базасынан «Туған жер тарихы» атауымен шығаруға шешім қабылданғанын жеткізді. Бұл орайда көрнекті ғылым қайраткерлерінің қатысуымен Зиябек Қабулдиновтің «Астана: прошлое и настоящее» және семейлік өлкетанушы Бекен Теміровтің «Саржал» кітаптарының тұсаукесері өтті. Е.Сыдықов аталған жоба аясында «Өлкетану» курстары мен оқу бағдарламасын енгізу, «Ұлы Дала алтыны», «Көшпенді өркениет», «Киіз үй» сияқты тақырыптық тұрғыда мамандандырылған музейлер ашудың кезегі келгенін атап өтті.
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов Елбасы мақаласы тарих ғылымының негізгі зерттеу бағыттарын анықтауға, жас ғылыми зерттеушілер шоғырын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін және биыл 1,5 мыңнан астам ғылыми жоба жүзеге асырылатынын жеткізді. Соның ішінде тарих пен археологияға 46 жоба арналып отыр.  Бұл зерттеу жұмыстарына 20 мыңнан астам ғалым тартылмақ. Еліміздің 42 жоғары оқу орнында тарихшы мамандар даярланады. Соңғы жылдары ғылыми әлеуетімізді қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Былтыр магистр мамандарына оқытуға мемлекеттік тапсырыс 7 мың адамды, докторантураға 485 адамды құраса, биыл магистратураға 9500 орын, докторантураға 1250 грант бөлініп, мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 есеге артты. Бұл ғылымның дамуына айтарлықтай серпін береді, деді комитет басшысы.
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов Президент мақаласында «Қазақстан», «Ұлт», «Тарих», «Тіл», «Жер» сөздері 300 мәрте қолданғанын, мәтіннің 15 пайызы еліміз үшін қымбат сөздерден тұратынын айтты. «Ұлы Даланы алғашқы адамдар миллион жыл бұрын мекен етіпті. Мұнда сырттан келгендер де, сыртқа кеткендер де аз болған жоқ. Ғасырларға созылған осынау күрделі ілгерілеу мен іркілістің өзегінде туған жерінен табан аудармаған арғы қазақтар тұрды. Тарихқа тұғыр болған жер мен тіл тарихты түзбейді, олар тарихтың куәгерлері. Тарихқа тағзым дегеніміз – ең алдымен жерге және тілге тағзым, деді ол. Х.Әбжанов ХХІ ғасырдың ұлттық санасын қалыптастыруға бөгесіндер әлі бар екенін, соның бірі «Қазақстан тарихы» пәнін келте, жартыкеш көлемде оқыту, бұл өз тарихыңды сыйламау екенін, ұлттық тарихты сыйламаудың тағы бір көрінісі – тарихшылардың сұғанақтықтан, яғни, плагиаттан әлі де қол үзбегендігінен көрінетінін жеткізді.
Халықаралық Түркі акаде­мия­сының президенті Дархан Қыдырәлі туған жер кіндік кескен жермен ғана өлшенбейтінін этно және эпостық танымдар арқылы дәйектей келіп: «Туған жер Қазақстанмен шектелмесе керек, қасиетті жерлер ел шекарасымен тұйықталмаса керек. Киелі жерлер – Ұлытау, Сарайшық, Түркістан, Алтай және бүкіл қазақ даласы. Сонымен бірге Күлтегін, Тоныкөк өмір кешкен Орхон бойы, Өтүкен қойнауы, Бейбарыстардың ізі қалған Мысыр, Фараби топырағын жамылған Шам, Бабыр гүлдендірген Үндістан, мұның барлығы біз үшін қастерлі өлкелер», деді. Осы орайда Халықаралық Түркі академиясының ортақ түркі оқулығын әзірлегенін, түркі әлемінің орта мектептеріне арналған түркі елдерінің географиясы оқулығы дайындалғанын, сонымен қоса түркі әлемінің топономикалық атласы да жасалып жатқанын жеткізді. Бұл оқу құралдарында тамырлас түркі елдерінің киелі орындары да түзіледі, деді академия басшысы.
Ә.Марғұлан атындағы Ар­хеология институтының дирек­-
торы Бауыржан Байтанаев Қазақ­станның киелі орындарындағы тарихи ескерткіштердің жағдайы әр аймақта әркелкі екенін айтты. Діни сәулеттік ескерткіштер рес­таврациядан өткізілгенін, барып-қайтар жолы да барлығын, бұл ретте негізінен діни археологиялық ескерткіштердің жағдайы мүш­кіл екенін атап көрсеткен ол алғашқы қауымдық құрылыстан орта ғасырларға дейінгі кезеңге тән ескерткіштердің арғы баба­ларымыздың тотемдік, зоро­астрилік, тәңіршілдік және басқа да діни түсініктерін қамтитынын, ол­ардың мәдени тұрғыдан үл­кен қызығушылық тудыраты­нын, дегенмен басым бөлігі иесіз болғандықтан және жеке шаруа­шылық қажетіне игеру барысында жеке тұлғалардың жауапсыздығы салдарынан бұзылып жат­қа­нын жеткізді. Осы орайда архео­логиялық мұраларды сақтау мен музейлендіру ісін жандандыру маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Тамғалы, Жоңғар Алатауы, Ақсу-Жабағылы, Марқакөл сияқты қорықтарда жартас суреттерін танымдық туризм нысандарына айналдыруды жандандырып, елімізде петроглифтерді зерттеу орталығын құру жөнінде ұсыныс білдірді.
Мемлекет тарихы институ­ты­ның директоры Бүркітбай Аяған кеңестік дәуірге қатысты қорытындылануы тиіс жайттар туралы сөз қозғады. «Біз шын социализмді өткердік пе, әлде номенклатуралық па? Егер біз осы сияқты кеңес қоғамының ішкі мазмұнын түсінсек, аштық пен репрессияның, жетістіктер мен кемшіліктердің негізін табар едік, деді ол. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихы» кафедрасы мен пәнін қысқарту туралы мәселенің қойылуы алаң­дататынын, оған тосқауыл қойылуы керектігін айтты. Ал Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан КСРО-ны құлату доктринасының рухани құлдырауды негізге алғаны ше­телдік еңбектерде жазылғанын, сон­дықтан, рухани түлеу ұлттың им­мунитеті болатынын айтса, Ұлттық музейде құрылған «Қа­сиет­ті Қазақстан» орталығының же­текшісі Берік Әбдіғали Елбасы мақаласының саяси мәні бар екенін, оның негізгі өзегі жат идеологияға ұлттық құндылықтар арқылы қарсы тұру екенін атап көрсетті. 
Конференция барысында сонымен бірге Мәмбет Қойгелдиевтің жиырма жылдық еңбегінің қо­ры­тындысы іспетті «Алаш қоз­ғалысы» монографиясының екі томы таныс­тырылды және жиынға ар­найы келген шетелдік ғалымдар да Елбасы мақаласы мен рухани түлеу төңірегіндегі ой-пікірлерімен бөлісті. 

Думан АНАШ,
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу