Үкаша ата құдығының құпиясы

Бiрде тым алыстан, бiрде тым жақыннан кiлкiген сағым аңызақтан түтiккендей болған Қаратауды әлдилегендей мың құбылады. Түркiстаннан шыққан тас жолда жүрдек көлiк Үкаша атаның құдығын бетке алып зулап келедi. Неге екенiн, бiздiң бала кезiмiзде Түркiстанды шәрi деушi едi. Сол шәрiде қызмет қылатын Асылхан мырзаңыз да бiзге елдi көрсетейiн деп, сапарымызды осы Үкашаның құдығынан бастағалы келе жатыр.
Егемен Қазақстан
20.07.2017 33744
2

Әне-мiне дегенше Қарнақта да өттiк. Қарнақтан кейiн сәл жүрсең тас жол Сертке келедi. Содан тауды бетке алып оңға бұрылдық. Өзен табанын жиектей қонған ауылдың сыртымен көне кiндiк Қаратауға қарай зымырадық. 

Біздің үйдегі қара шал айтатын аңыз былай тармақталады:

«Үкаша деген кiсi сахаба екен. Серттiң жоғарғы жағында тұрыпты. Жаулары әбден аңдиды. Өзi де үлкен, алғыр, батыр болыпты. Бетпе-бет келуге қаймыққан кәпiрлер оқ атса өтпейтiнiн, суға салса батпайтынын бiледi. Өлтiрудiң амалын iздейдi, таппайды. Cөйтiп әбден сiлесi қатып жол таба алмай жүргенде бiр жансыз көп дүние ұсынып тоқалынан сыр тартады. Алтын-күмiстi көрген тоқал сахабаны сатып кетедi. Жауға оның киелi кiсi екенiн, тек таңғы намаз кезiнде ғана мойнына қылыш салса ғана орып түсерін айтып, бар сырды жайып салады. Сөйтiп құпияның кiлтiн бiлген жау ешкiмге көрiнбей тайып тұрады. Тоқалдың айтқаны рас екен, құлқын сәрiден қылышын сүйретiп жеткен жау сахабаны намазға тұрған жерiнде көредi. Барлық қимыл-қозғалысқа алдын ала дайындалған қалпы байқатпай келедi де қылышты мойын тұсынан сiлтеп кеп қалады. Сахаба еңкейе бергенi сол етпеттеген күйi құлайды. Қылыш қиып түскен бас құбылаға қарай домалай жөнеледi…»

Алыстағы қожыр-қожыр қойнаудан жап-жасыл бау менмұндалайды. Шағын үйдiң жанындағы сәкiде бiр топ қария құран оқып жатты. Шет жағына келiп бiз де жайғастық. Жақындау отырған қария таңырқай қарап өттi. Сосын: 

– Әй, Шарафадин, – дедi домаланған аппақ шалға дауыстап. – Әй, қайда, жүрсiң, сен өзi құрып кеттiң ғой, қайда жүрсiң, – дедi. 

Содан кейiн бiзге тағы бұрылды. 

– Қай баласыңдар. 

Жөнiмiздi айттық. Қарияның екi көзi бiзде, бас изеп отырды. 

Күнге шағылысқан ұзын шатырлы тамға беттедiк. Таспен қаланған қабырғалары қас шебердiң қолынан шыққаны белгiлi болып тұр. Шатырды қос қапталдап жапқан да бергi басынан үшкiрлеп мұнара секiлдендiрiп көтерген. Оның басына әсемдеп ай қойған. Алдымен ауызғы бөлмеге кiресiз, қарсы алдыңызда өрнектеле жасалған есiктер айқара ашылған. Iшке ендiк. Жалғыз бөлме, ұзыннан ұзақ созылған бейiт жатыр. Кiрген жерде оңға бұрылып бейiттi айналып шықтық. Бейiттiң ұзындығын адымдап iштей санап отырдым. Қырық қадам екен. Енi екi метр.

Үлкен тас бетiнде түп-түзу сызық жатыр. Мәдiхан ақсақал жаудың қылышының iзi екенiн түсiндiрдi. Сахабаның басын шапқан қылыш iзi қара тастың бетiнде сайрап тұр. Бейiттiң осыншама ұзындығының сырын бiлгiмiз келген. Қырық кездiк бейiттiң еш құпиясы жоқ болып шықты. Оның бар себебi сахабаның басы шабылғанда осынша жерге қаны шашыраған деседi. Сондықтан ұзын ғып көмген. Ақсақалға алғысымызды жаудырып, құдық басына баратынымызды айтқанбыз. Мәдiхан ақсақал «қазiр қастарыңа бiр кiсi қосып берейiн», деп қалды. 

– Осында ешкiмi жоқ, келген-кеткеннiң несiбесiнен күн көрiп жүрген өзбек шал бар, сендерге жол көрсетсiн, – деген. Сөйткенше болған жоқ, мана әзiрде бiзбен бiрге келген домаланған аппақ шал елпiлдеп алдымызда тұрды. Ақ сәлдеден басқаның бәрiн ауыстырыпты. Үстiне жадағай көк шапан киген. Шарафадин ақсақал бастап сайдың табанымен жүрiп отырып, жота басына шығатын баспалдаққа келдiк. Цементтен әдемiлеп құйған баспалдақпен жоғары көтерiлдiк. Соңынан келе жатырмын, жота басына дейiн 129 басқыш екен. Құдықтың басы тегiстелген. Бiр жерiне ұзынша орындық қойыпты. Ақ шүберек байланған жалғыз түп ағаш тұр. Айналасында әбден майысқан 16 шелек жатыр. Шұбатылған арқан құдық iшiне түскен. Бiр шелек құдықта жатыр-ау деп ойладым. 

Ақсақал сөйлеп жүр. Бұрын осы құдық басында жалпақ тас бар екен. Сол тас бетiнде Үкаша әулиенiң басының iзi қалғаны анық байқалатын дейдi. Жергiлiктi басшылардың атеистiгi ұстап құдықтың аузын бiр машина цемент әкелiп бiтеп тастаған кезде ол тасты да жоғалтып алыпты. 

Құдыққа шелек салған Алтынбек арқанды керi тартқан, бос қайтты. Күнге қаңсып жатқан шелектiң еш жерi су болмаған. Бәрiмiз аңтарыла қарап қалыппыз. Сосын Өтеулi алды да, құдықтың аузына шелектi оңтайлап жаймен төмен жiбердi. 

Бос шелектi көрген ақсақал үнсiз қалды. Мен ол кiсiге әңгiме болсын деп сауал қойдым. 

– Сiз осы құдыққа түсiп көрдiңiз бе, – дедiм. Мүдiретiн шығар деп ем, қайта сауалды күткендей екен. 

– Түстiм, – дедi жұлып алғандай. – Қай бiр жылы түстiм. Мынадай шелек көп iшiнде, бiр тазалап шыққанмын. Биыл да түсiп тазалап шығайын деп ем, қариялар рұқсат бермей қойды. 

– Жетпiске келген шалдың әңгiмесiне сенерiңдi де, сенбесiңдi де бiлмейсiң.

– Құдық қандай екен сонда?!

Ақсақал үнсiз қалды. Анадай жердегi орындыққа барып отырды. Сосын маған бiр қарап алды да әңгiмесiн бастады:

– Бұл құдықты ешкiм қазбаған, себебi, тастың арасындағы саңылаудың өзi құдық сияқты. Қиялай барып табанына жетедi. Ал табанында су жоқ, су үш метрдей жерде жатыр. Осыған жақын Серт деген ауылдың әскерден келген баласы түсiп сол суға ағып өлдi. Мас екен, жанындағылар түспе дегенiне қоймай түскен ғой. Содан шықпаған. Екi күн iздедiк. Табылмады. Кентаудан кеншi мамандарды көмекке шақырдық. Олар да түстi. Сөйтiп жер астындағы алып өзенге алты метрлiк арнайы жасатқан тырма секiлдi сым-темiр өзеннiң түбiне жетпептi. Сосын олар тағы да бiр жарым метрдей сым-темiрдi жалғады. Сонда барып баланың денесiне iлiнген. Құтқарушы кеншi мамандар баланың денесiн алып шықты. Қайтып құдыққа ешкiм түскен жоқ. Астына түскенде байқағаным, өзi үлкен үңгiр сияқты, су жатыр дедiм ғой, сол суды жағалап жүре беруге болады. Төбеңiз құжыр-құжыр тас, кей жерiнде мұз сүңгiлердi қырлы үшкiр тас екен деп ұстасаң морт сынып түседi… 

Шарафадин ақсақал лып етiп орнынан тұрды да құдық аузына жақындады. Мен де құдық басына бардым. Ақ шелек тағы бос қайтты. Бұнысы несi, ойланып үлгерген жоқпын, Шарафадин ақсақал шелектi өзi алды да қалай болса солай құдыққа тастай салды. Қолындағы арқанды еркiне жiбердi. 
Ақсақал салған шелек ортадан төмен су алып шықты. Таңданып қалдық. Алдында екi рет салғанда су шыққан жоқ. Ендi қараңыз, арада бес минут өтпей шелектiң бос қайтпағанын айтыңыз. Күннiң аптап ыстығының әсерi ме, бәрiмiз шөлдеп қалыппыз. Шелектегi суды бөлiп iштiк. Мен жүрексiндiм, дегенмен күндiк жерден келiп, өзгелердiң арқан тартқанына таңданып қайтамын ба, шелектi қолға алдым. Бүйiрi әбден тасқа тиiп майысқан ақ шелектi айналдыра қарап тұрдым да құдық аузына оңтайлап тастап кеп жiбердiм. Қолымдағы арқан сусып жүре бердi. Шелектiң даңғырлағаны басында естiлдi де, кейiннен құдықтың шыңырауы жұтып қойғандай әсер қалдырды. Даңғырлаған дыбыс өзiнен-өзi ғайып болды. Тек қолымдағы арқан ғана төмен сусыды. Шелектiң бар-жоғы белгiсiз, түпсiз шыңырау жұтып қойғандай едi. Аңтарылып тұрмын. Бiр орам ғана арқан қалды. "Тәуекел", – дедiм, сол сәт жүрегiм дүрсiлдей соқты, – «тәуекел», – деп күбiрлей қайталадым. Сосын, арқанды қос қолдап тарта бастадым. Не де болса нартәуекелге бел будым. Көз алдымда шелек толы су, тамағым кебiрсiдi, көтерiп iшер ме едi. Көз алдымда даңғырлаған бос шелек, су да жоқ, даңғырлап өзi келдi. Жо-ға, бәрi әншейiн елес екен, қолымдағы арқанның орамы қалыңдай бердi. Шелек әлi жоқ, ешқандай дыбыс та естiлмейдi. Ал, даңғырлағаны құдық басындағы бос шелек болып шықты. Әр шелектiң түбiн, майысқан қалпын көрiп Шарафадин ақсақал бәрiн бiр жерге жинап жүр. Құдыққа салған шелегiмнiң бiлiнер-бiлiнбес хабары – арқанның ауырлай бастағаны шығар. Шелек жақындаған сайын арқан тарту да қиындай түстi. Құдықтың сұп-сұр тас алқымдаған қап-қара аузына төнген қалпы арқанды күштеп тартамын. Көзiме ащы тер құйылды. Шелек әлi жоқ. Қолымның епетейсiз қимылынан ба, арқан орамы сусып шыққаны сол, шелектiң ернеуi тасқа тидi, анық байқадым, әйтсе де даңғырлап дыбыс естiлмегенiне таңмын. Таңданып, таңырқайтын нәрсе көп, дегенмен шелектiң ернеуге жақындайтын кезi болды. Құдық iшiнен әлдене жалт еттi. Не екен деп үлгермедiм, шүпiлдеген суға толы шелекке қол создым. Манадан құдық аузына үңiлген серіктерім қуанып жатыр: «О, тола су, тола су!», – дейдi екеуi дауыстап. Майысқан шелектердi жинап жүрген Шарафадин ақсақал қалбалақтап ол да жеттi. 

Сөйтiп, шелек толы судан мейiрiмiмiздi қандыра iштiк.

– Бұл жарықтық қасиеттi су, әйтпесе құдыққа салған шелектiң бәрi неге толып шықпайды, – ақсақал самбырлай әңгiме бас­тайды. – Iшсеңiз бар ғой бүкiл кеселден құлан-таза айығасыз. Бұ дегенiңiз шәрбат су. 

Қыр басында Үкаша әулиенiң қырық құлаш құдығына таңданған үшеу тұрмыз. Оның құпиясын баяндаған күйi әңгiмесiн тауыса алмастай қолын сермеп-сермеп сөйлеген жалғыз шал тiзерлеп отыр. Құдық айналасында бар сырға куә болған, бiрақ ешкiмге ештеңе айтпайтын, жүзiн әжiм торлағандай майысқан он алты шелек жатыр. 

Қаншама жылдан берi келген жұрттың таңдайын қақтыра өзiне табындырған, бiрде толып, бiрде толмай, бiрде бос қайтатын шелектердi санамалап етi үйренгендей суық қана үңiрейген құдық аузы ынтықтыра түседi. 

Көп естiгеннен бiр көрген жақсы. Құдыққа келiп, шелектi толтыра су алып қуанып қайтады; құдыққа келiп, шелектi қайта-қайта тастап суға толтыра алмаған күйi таңданып қайтады; құдыққа келiп, қанша ықтияттап тастағанымен даңғырап бос шыққан шелекке қапаланған қалпы ренжiп қайтады – адамдар әртүрлi, неге екенiн қайдам, шыңырауға түсiп-қайтқан шелектегi судың мөлшерi де әртүрлi. 

Қаратаудың қойнауында бiрде су шығып, бiрде су шықпайтын тосындау мiнезiмен құпия сыр бүккен құдық жайлы әңгiме тармақтала бередi. 
Үкаша әулие… қыр басындағы қылықты құдық…

Үкаша әулиенiң қырық құлаш құдығы…

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы,                                                              
Түркістан ауданы          

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

09.12.2018

Алпамыс Шәрімов: Қайырымдылық жасау үшін бай болу қажет емес

09.12.2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

09.12.2018

Қостанай облыстық қазақ драма театры Шәмші туралы спектакль қойды

09.12.2018

Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

09.12.2018

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

09.12.2018

Ұлытау ауданында спорт нысандары салынады

09.12.2018

Үздік шаруашылыққа жаңа трактор тарту етілді

09.12.2018

Aktobe Invest-2018 форумында 300 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды

08.12.2018

Семейдегі колледж ұжымы бойжеткенге пәтер алып берді

08.12.2018

Тарбағатай ауданының әкімі семейлік жастармен кездесті

08.12.2018

ШҚО Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

08.12.2018

Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...

08.12.2018

Астанада Өспен ауылының азаматтары бас қосты

08.12.2018

Өспен ауылының ардагерлері «Егемен Қазақстан» газетіне қонаққа келді

08.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президенттің мақаласын талқылады

08.12.2018

Қазақстан-Перу саяси консультациялары өтті

08.12.2018

Астанада бірыңғай 112 байланыс орталығы құрылмақ

08.12.2018

Шорт-тректен әлем кубогінде жерлестеріміз жартылай финалға өтті

08.12.2018

Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

08.12.2018

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ejelden metal ılegen el

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń jýyrda jaryq kórgen «Uly dalanyń jeti qyry» atty maqalasy búginde 30-dan astam ult pen ulystan turatyn, jalpy sany 200 mıllıonǵa jýyqtaıtyn, ońtústik-batysta Jerorta teńizi jaǵalaýynan bastap, soltústik-shyǵysta Soltústik Muzdy muhıtqa deıingi Eýrazıa qurlyǵynyń apaıtós alyp dalasynda 6 táýelsiz memleket, onyń ishinde Reseı Federasıasynda 20-dan astam túrki tildes halyqtardyń túrli sýbektilerimen, keı jerde avtonomıalyq, keı jerde esh sýbektisi bolmasa da iri oblys quramynda ómir súrip jatqan túrki halyqtarynyń ortaq kóne tarıhyn qamtıtynymen erekshe deýge bolady. Iаǵnı osynaý baıtaq keńistikte bul halyqtar bir kezderi bir memleket quramynda ómir súrip, álemdik órkenıetke ózderiniń laıyqty úlesin qosty.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу