Юлия Галышева мен бапкері мемлекеттік наградамен марапатталды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев могулдан Олимпиада ойындарының жүлдегері әрі әлем чемпионы Юлия Галышева мен фристайл-могулдан ұлттық команданың бас бапкері Елена Круглыхинаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №798 Жарлығына сәйкес, олар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Егемен Қазақстан
15.02.2019 669
3333
2222
2222

«Сіздерді жоғарғы мемлекеттік награда алуларыңызбен құттықтаймын! Сіздер шын мәнінде үлкен жұмыс атқардыңыздар. Өткен жылы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, биылғы әлем чемпионатында барша жанкүйерді алтын медальмен қуантып отырсыздар. Сіздер үшін бұл жеңіске барар жол оңай болмағанын білемін. Алдымен қола жүлдеге қол жеткізіп, келесі әлем чемпионатында күміс медаль еншіледіңіздер. Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет могулдан әлем чемпионы атанып, биіктен көрінгеніңіз үшін қуаныштымын. Мемлекет басшысының қолдауы мен Үкіметтің жүйелі жұмысы еліміздегі спорттың дамуына серпін беріп, жақсы нәтижелер тіркелуде. Осы орайда, қысқы және жазғы спорт түрлерін тең дәрежеде дамытып отырған Шығыс Қазақстан облысы басшылығының еңбегін де атап өткім келеді», - деді Қазақстан ҰОК президенті.

«Бізге берілген жоғары марапат үшін айтар алғысымыз шексіз. Біз шын мәнінде үлкен қолдауды көріп отырмыз. Мұны біздің көрсеткіштерімізден байқауға болады. Бүгінде біз толыққанды команда жасақтадық. Жаттығу жұмыстарын жүргізіп, жоғары нәтиже көрсету үшін барлық жағдай жасалған. ҰОК пен Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен еңбегі арқасында біздің аймағымызда дайындыққа қажеттінің бәрі бар», - деп атап өтті Е. Круглыхина.

Галышева да мемлекеттік награда үшін алғысын білдірді.

«Құрмет» ордені менің бүгінге дейін алған ең жоғарғы наградам. Бұл әрі қарай тынымсыз еңбектенуге үлкен серпін береді. Мемлекет басшысымен және Олимпиада комитетінің президентімен өткен бүгінгі кездесу еліміздегі спортшылардың қолдаусыз қалмайтынын көрсетеді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биік шыңдарды бағындыру үшін аянып қалмаймыз», - деді Ю. Галышева.

Қазақстан ҰОК президенті жыл басынан бері жанкүйерлерді жетістігімен қуантқан спортшылардың еңбегін ұмыт қалдырған жоқ. Могул спортының өкілдерінен бөлек, кездесуге «Төрт құрлық чемпионаты» турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, Лахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сергей Ткаченко және WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов те қатысты.

«2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Жас спортшыларымыздың жылды жеңіспен бастағаны қуантады. Біздің командамызда Юлия секілді бүкіл спортшыларды соңына ертетін көшбасшы бар. Олардың соңынан таланатты жастар еретініне сенімдімін. Біздің спортшылар бұл жетістікпен тоқтамай, болашақта жаңа жеңістерімен жанкүйерді қуантады деген үміт мол», - деді Т. Құлыбаев.

Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң спортшылар өз дайындығы мен болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу